Ыстық су ішудің денсаулыққа пайдасы туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Біреулер мұны артық салмақтан арылудың ең оңай тәсілі десе, енді біреулер тамақ ауруын емдейді деп сенеді. Осы ретте Ertenmedia.kz тілшілері сарапшылар пікірін ұсынады.
Миф № 1. Ыстық су салмақ тастауға көмектеседі
Ыстық су ішу арқылы артық салмақтан арылуға болады деген сенім бар. Алайда ғалымдардың зерттеуі бойынша, судың температурасы салмақ жоғалту процесіне тікелей әсер етпейді.
Сарапшы Лорен Боллдың айтуынша, кез келген су, оның температурасына қарамастан, денені ылғалдандырып, тәбетті бақылауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде тәтті және калориялы сусындарды тұтынуды азайтады. Бірақ майды ерітетін судың температурасы емес, сұйықтықтың өзі.
Миф № 2. Ыстық су тамақ ауруын емдейді
Шындығында, жылы сусын тамақтың ауыруын жеңілдетуге ғана көмектеседі, бірақ ауруды толық емдемейді. Ыстық сусындар, соның ішінде шай немесе шөп қайнатпалары тамақтың тітіркенуін басады, шырышты қабықты жұмсартады. Бірақ бұл уақытша жайлылық қана береді, аурудың негізгі себебін жоймайды. Сондықтан тамақ ауырғанда көбірек жылы сусын ішу симптомдарды жеңілдетеді, бірақ арнайы емнің орнын алмастыра алмайды.
Миф № 3. Ыстық су теріні тазартады
Бұл кең таралған пікір болғанымен, ғылыми негізі жоқ миф. Терінің саулығы бауыр мен бүйректің дұрыс жұмысына байланысты. Судың температурасына емес, оның көлеміне мән берген жөн. Тері балғын болуы үшін күнделікті сұйықтық мөлшерін сақтап ішу керек.
Миф № 4. Ыстық су етеккір ауруын азайтады
Бұл жерде ішетін емес, сырттан берілетін жылудың пайдасы көбірек байқалады. Мысалы, жылы компресс немесе жылытқыш бұлшықетті босаңсытып, қан айналымын жақсартады. Ал ыстық су ішу ондай әсер бермейді.
Сарапшылардың айтуынша, етеккір кезіндегі ауруды басу үшін судың температурасынан гөрі жалпы сұйықтық балансын сақтау маңыздырақ. Сонымен қатар, жасыл шай немесе тасшөп қосылған шай ішу тиімді. Олар ауруды тудыратын гормондардың деңгейін төмендетеді.
Сонда адамдар неге ыстық судың пайдасына сенеді?
Ғылыми тұрғыдан ыстық судың ерекше пайдасы жоқ екені анықталды. Бірақ кей адамдар үшін бұл – жағымды әдетке айналған жайлылық тәсілі. Ыстық су күйзелісті азайтуға көмектессе немесе көбірек су ішуге итермелесе, бұл зиян емес, керісінше пайдалы әдет. Алайда оны ғажайып ем деп қабылдамаған жөн.
Дәрігерлердің айтуынша, бауыр ағзамыздағы регенерацияға (өзін қалпына келтіруге) қабілетті жалғыз орган. Бір ай ішінде ол өз көлемінің шамамен жартысына дейін қайта қалпына келе алады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







