Қазақстанда зейнет жасына қатысты мәселе қоғам назарында тұр. Әзірге ресми түрде зейнетке шығу жасы өзгеріссіз күйде қалып отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қазіргі уақытта ер адамдар 63, ал әйел адамдар 61 жасқа толғанда зейнетке шығады.
Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен тиісті органдар әйелдердің зейнет жасын 2027 жылдың соңына дейін өзгертпеу туралы мәлімдеген болатын.
Дегенмен мемлекет жоспарында 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын кезең-кезеңімен өсіру мүмкіндігі қарастырылған:
- 2028 жылғы 1 қаңтардан – 61,5 жас;
- 2029 жылғы 1 қаңтардан – 62 жас;
- 2030 жылғы 1 қаңтардан – 62,5 жас;
- 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас.
Егер жоспар толық іске асса, ерлер мен әйелдердің зейнет жасы теңесіп, барлығы 63 жастан зейнетке шығады.
Сарапшылардың айтуынша, осындай кезең-кезеңімен іске асатын өзгеріс – елдегі демографиялық жағдай мен әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сай, зейнетақы жүйесін жетілдіруге арналған ұзақмерзімді саясаттың бір бөлігі. Мемлекет бұл мәселеде асығыс шешімге бармайтынын бірнеше рет атап өтті.
Бұған дейін біз еш жерде жұмыс істемеген азаматтар қандай зейнетақы алатыны туралы егжей-тегжейлі жазған едік.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

