Жамбыл облысында сотты менсінбеген екі жоғары лауазымды салықшы жазаланды.
Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Қайрат Шайдуев пен Мойынқұм ауданы бойынша басқарма басшысы Бейбіт Байтіке сотқа келмей қойғаны үшін әрқайсысы 78 640 теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі алқасының төрағасы Самат Таусаровтың айтуынша, қос шенеунік апелляциялық шағым бойынша сот отырысына еш себепсіз қатыспаған, пікір білдірмеген, бейнебайланысқа шақырғанда да жауап бермей қойған.
Қандай іс бойынша сотқа шақырылғаны нақтыланбады.
Осылайша, сотты менсінбей, тіпті қарапайым байланысқа шығуды қажет деп таппаған шенеуніктердің іс-әрекеті «сотқа құрметсіздік таныту» деп бағаланып, әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.