Қазақстанның жаңа Ата заңының алғашқы жобасы дайындалып, көпшілікке ұсынылмақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Құжат кіріспе, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Елдің мемлекеттік құрылымы мен басқару формасына қатысты негізгі ережелерге нақты өзгеріс енген.
«Жобада Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет, басқару формасы президенттік республика деген нақты анықтама берілді. Шешім ғалымдар мен сарапшылардың мемлекеттік басқару формасын нақтылау керек деген ұсынысынан кейін қабылданды», – дейді Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов.
Сонымен қатар, әкімшілік-аумақтық құрылымды енді жай заң емес, конституциялық заң деңгейінде бекіту ұсынылды.
«Егемендік пен тәуелсіздік, унитарлық және аумақтық тұтастық, республиканың басқару формасы Конституцияның алғашқы баптарында анық жазылған әрі еш өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі», – деп атап өтті Конституциялық сот төрағасының орынбасары.
Жаңа Конституцияда егемендіктің жалғыз иесі халық екені баса айтылған. Бұдан былай «республикалық референдум» терминінің орнына «бүкілхалықтық референдум» ұғымы қолданылады.
Халық билікті тікелей бүкілхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, ал мемлекеттік органдар билікті халық атынан орындаушы құрылым.
Бұдан былай…
Құжатта Қазақстанның унитарлы мемлекет ретіндегі мәртебесі мен президенттік басқару формасы сақталады. Дегенмен Конституцияға өзгеріс ендіру тәсілі айтарлықтай өзгермек: бұдан былай негізгі заңға кез келген өзгеріс тек бүкілхалықтық референдум арқылы енгізіледі.
Яғни халықтың тікелей келісімінсіз Конституцияға ешкім түзету енгізе алмайды.
Айтқанда, жоғары билік органдарының қатарына жаңа құрылымдар қосылады. Халық Кеңесі халықтың мүддесін қорғайтын, жоғарғы консультативті орган ретінде, ал Құрылтай елдің жоғарғы заң шығарушы органы ретінде бекітілді.
«Осылайша, Конституция жобасы азаматтардың ел өміріндегі шешуші процестерге тікелей қатысуына жол ашады, халықтың билік көзі ретіндегі рөлін күшейтеді», — дейді осы науқанның басы-қасында жүрген қауым.
Құжаттағы талаптардың өмірдегі көрінісі оның толық мәтіні жарияланып, қоғамдық талқы басталған соң белгілі болмақ. Жобаның толық нұсқасы жақын күндері «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газетінде және Конституциялық соттың ресми сайтында жарияланады.
Тоқаев не деп еді?
Жобада «президенттік республика» деген ұғымға ерекше екпін берілгені бекер емес. Парламент реформасын қолға алардың алдында президент Тоқаев:
«Бір нәрсені анық айту қажет. Қазақстан мықты президенттік билігі бар мемлекет болып қалуы тиіс.
Әлемде парламенттік басқару жүйесі қауіпсіздік пен тұрақтылық тұрғысынан тиімді болмай тұрған шақта, бұл еліміздің сенімді болашағын қамтамасыз етудің кепілі.
Біз мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қауіп төндіре алмаймыз. Кейбір сарапшының үстірт пікіріне көзсіз еріп кетпеу керек», – деген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

