Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы лауазымына Тимур Айбекұлы Губашев тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тимур Губашев 1994 жылы туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен «Тұран-Астана» университетін «екі шетел тілі: ағылшын тілі» және «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасында сарапшы болып бастаған. Кейін аталған комитеттің Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасының бас сарапшысы, интернет-кеңістік пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының бас сарапшысы болып еңбек етті.
Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жұртшылықпен байланыс департаментінің баспасөз қызметінің басшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің интернет-кеңістік пен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Жаңа қызметіне дейін Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болған.
Айтпақшы, өткен жылы Жетісу облысының экономикасына 610,9 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, жоспардың орындалуы бойынша өңір республикада төртінші орынға шықты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

