Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жыл қарсаңында ақша жинауға бола ма деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Бұған дейін айтқанымыздай, мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Жаңа жыл және басқа да іс-шараларға байланысты үнемі айтып отырамын. Бұған министрліктің бұйрығымен де тыйым салынады, сондықтан мектептерде ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл — Жаңа жылдық шараларға да, шыршаларға да қатысты талап. Кез келген іс-шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады», — деді Бейсембаев Үкіметтегі брифингте.
Министр кез келген іс-шара тек көңіл көтеруге емес, балаларды тәрбиелеуге бағытталуы керек екенін айтты.