Қазақстандық танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты әлеуметтік желілер мен БАҚ бетінде «қыз зорлады» деген ақпарат тарады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мәселеге қатысты Алматы қалалық полиция департменті пікір білдіріп, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Әуезов ауданының полиция басқармасы осы факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Осы ақпараттың таралуына байланысты Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде арнайы мәлімдеме жасап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол бұл жайтты «әділетсіз жала» деп атады.
«Мен – үш қыздың әкесімін. Менің жағдайымда зорлық туралы сөз қозғаудың өзі қисынсыз. Қандай да бір жала екені анық. Мәселенің анық-қанығын зерттеп, кімдердің бұл әрекетті жасағанын анықтаймын», – деді боксшы.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, ал іс бойынша басқа мәліметтер әзірге жария етілмеді. Полиция істің нәтижесі толық анықталған соң, қосымша ақпарат беретінін хабарлады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

