Мұхтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында қайтыс болды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қаралы хабарды жазушының ұлы Едіге Мағауин жазды.
«Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55», — деп жазды ол.
Мұхтар Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).
«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді. (1984).
Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны», «Көк мұнар», «Аласапыран», «Мен», «Жармақ», «Шыңғыс хан», т.с.с. шығармалары бар.