3I/ATLAS атты аспан денесі санаулы күнде Жерге барынша жақындайды. Қазір ғалымдар осы нысанның ең жақын келу уақытын дәл есептеп шығарды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Есептеулер бойынша, аспан денесі Жерге ең қысқа қашықтықтан 2025 жылдың 19 желтоқсаны күні өтеді. Мәскеу уақытымен таңғы сағат 07:00-де (Астана уақытымен 09:00 шамасында) планетаға жақындайды.
Қазіргі уақытта 3I/ATLAS Жермен синхронды қозғалыс фазасында тұр. Осы себепті 22 желтоқсанға дейінгі бір апта бойы аспан денесі мен Жер арасындағы қашықтық шамамен жарты миллион шақырым деңгейінде өзгеріссіз қалады. Одан кейін бұл ғарыштық нысан планетадан тез алыстай бастайды. Бұл туралы Ресей Ғылым Академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы хабарлады.
«Қазір 3I/ATLAS аспандағы ең жарық кометалар арасында үшінші орында тұр. Алайда мұндай жарықтық деңгейі де оны жай көзбен көруге жеткіліксіз. Оның қазіргі жұлдыздық шамасы шамамен 12m, бұл қарапайым оптикалық құралдармен бақылауға да мүмкіндік бермейді», – делінген ресми хабарламада.
Алдағы күндері аспан денесінің орнын Арктур, Сириус және Процион сияқты жарық жұлдыздар арқылы шамалап анықтауға болады. Ал дәл қасында Регул («Арыстан шоқжұлдызының жүрегі») атты жарқын жұлдыз орналасқан.
Нысан көкжиектен жергілікті уақытпен шамамен сағат 22:00–23:00 кезінде көтерілгенімен, анығырақ көру мүмкіндігі тек түнгі сағат 01:00–02:00 шамасында басталып, күн шыққанша жалғасады.
Айта кетейік, Гарвард университетінің профессоры Ави Лёб бұған дейін 3I/ATLAS нысанының бірнеше аномалиялық қасиетін атаған еді. Ол бұл белгілерді негізге ала отырып, ғарыш денесін «бөгде өркениет кемесі» болуы мүмкін деп болжаған болатын.

