Алдағы күндері Қазақстан аумағына Жерорта теңізі жақтан келген циклон әсер етеді. Елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Әсіресе 3 қаңтарда солтүстік-батыс өңірлерде қалың қар түссе, 5 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашын күшейеді.
Барлық өңірлерде көктайғақ болып, тұман түсіп, екпінді жел тұрады. Осыған байланысты көлік қозғалысы қиындап, жол апаты қаупі артуы мүмкін.
Өңірлердегі ауа райы болжамы мынадай:
Батыста түнде 0 °C-тан –8 °C аралығында, күндіз –2 °C-тан +5 °C дейін жылылық сақталады;
Орталық аймақтарда түнде –10…–18 °C аяз, күндіз –5…–12 °C шамасында суық болады;
Оңтүстікте түнде 0…–10 °C, күндіз –6 °C-тан +2 °C дейін;
Оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 0…–5 °C, таулы аудандарда –8…–13 °C аралығында, күндіз –2 °C-тан +3 °C дейін, таулы аймақтарда –5…–10 °C;
Шығыста түнде –5…–13 °C, күндіз –5…–10 °C аяз болады.
Синоптиктер алдағы күндері ауа райының күрт өзгеретінін айтып, тұрғындарды сақтыққа шақырады. Әсіресе, жолға шығатындарға абай болуға кеңес берілді.
Бұған дейін белгілі экономист Алмас Шөкин биылғы қыс қазақтар үшін ауыр болатынын болжаған-тұғын.

