Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Алаяқтардан қорғанудың актуалды әдістері мен құралдары» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Жиынның мақсаты – жастарды алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтандыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру сондай-ақ, қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Іс-шараға Жетісу облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ернат Абдрахимов, Талдықорған ҚПБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Айдана Башчикулова, Халық Банк карталық бизнес орталығының бөлім басшысы Әлібек Керімбаев, Халык Банк қауіпсіздік қызметінің бас маманы Саликов Ринат қатысып қатысып, маңызды мәліметтермен бөлісті.
Жиында алаяқтықтан қорғанудың негізгі әдістері мен заманауи құралдары түсіндірілді. Интернет арқылы жасалатын қаржылық алаяқтық, әлеуметтік желілердегі жалған парақшалар, фейк хабарламалар мен зиянды сілтемелердің алу жолдары талқыланды. Сондай-ақ студенттерге қажетті қауіпсіздік шаралары ұсынылды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі маңызды екені айтылды.
Жиын соңында қатысушылар алаяқтардан қорғанудың негізгі әдіс-тәсілдерімен танысты.