Жетісу облысының аумағында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлайды Ertenmedia
Бүгінгі күні химиялық өңдеу жұмыстары 108 146 гектар алқапта жүргізілді.
Өңірде үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жер үсті тәсілімен, аса жеңіл авиациямен және жеңіл авиациямен, пилотсыз әуе жүйесімен (дронмен) жүргізетін компаниялар анықталды.
Жалпы ағымдағы жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын 114,8 мың гектар алқапта жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 74,6 мың гектары — үйірлі шегірткелерге қарсы және 40,2 мың гектары үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы өңдеу.
Химиялық өңдеу жұмыстары үшін 41 су көздері мен 22 жанар-жағармай бекеттері белгіленді. Зиянкестерді анықтау жұмыстарына 204 адам мен 79 бірлік автокөлік жұмылдырылды.
Oблыстық және аудандық штабтар құрылып, өз жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.