Белгілі қоғам белсендісі Ғалым Байтук ел ішінде белең алған бір жаман құбылысқа қатысты, ойын ашып айтты. Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі кейбір авторлар өзін «білгіш» санап, қоғамда қолға алынған жұмыстарды жоққа шығаруға бейім тұратын жамен әдет қалыптастырған, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ғалым Байтук өз ойын Петропавл қаласында көше аттарын қазақшалау бастамасына қарсы тұрушылардан бастапты.
– Жергілікті билік орындары көше атауын тарихи атау берсе, сол заматта әлдекімдер «Көше атын қазақшалауадан басқа жұмыс жоқ па? Онын орнына ойдым-ойдымы шыққан жолдарды жөндемей ме?» деп кері тартып тұрады. Ал жол жөнделсе, басқа бір әңгіменің шетін шығарады. Мемлекеттің жұмысы бір адамның қолында емес екенін олар түсінбейтін секілді, – дейді Ғалым Байтук.
Иә, көше атауын өзгерту, жол жөндеумен қатар жүретін жұмыс емес қой. Иедологиялық жұмыстармен жергілікті жердегі оны ішкі саясат, пен ономастика саласы мамандар айналысатыны белгілі. Яғни, әр істің өз жауапты құрылымы мен адамы бар. Расында да кейбіреулер осыны кейде әдейі түсінбей жататын сияқты.
Осы ретте қоғам белсендісінің көпшілікті бір-бірінің жұмысын жоққа шығаруға емес, әр істің парқын түсінетін мәдениетін қалыптастыруға үндеп отырғанын байқадық.
– Қазір билік құрылымында жол салып, көше атауын белгілейтін бөлек-бөлек органдар жұмыс істейді. Бір істің жанында тұрып, басқа жұмысты талап ету, мәселені шешу емес, тек шағымды көбейту ғана. Осындай адамдардың көзқарасы мемлекеттік құрылымның еңбегін жоққа шығарып, қоғамда сенімсіздік туғызатынын жадымыздан шығармайық, – дейді Байтук мырза.
Әрине, ел азаматтарының өзіндік пікірі болғаны жақсы. Бірақ сол пікірді ешқандай дәлелге сүйенбей, тек қарсы тұру формасына айналдырса, бұл жақсылықтың нышаны емес. Мұндай жағдайда оларға мемлекет бір күрекпен жұмыс істейтін адам емес екенін түсіндіруі қиынға соғады.

