Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы оқу орындары, әлеуметтік серіктес саналатын кәсіпорындар, «Атамекен» өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері дуальды оқытудың маңызын талқылады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Жұмысшы мамандықтар жылында жоғары білікті кадрларды даярлауға баса назар аударып, практикаға бағдарланған білім беруді дамыту қажет.
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
«Дуальды оқыту – елдің тұрақты дамуының маңызды бөлігі. 2024 жылы 4936 студент оқу бітіріп, оның 4275-і жұмысқа орналасты. Дуальды оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлау түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға әсер етеді», — деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.
ШҚО Білім басқармасының мәліметінше, дуальды оқыту 44 мамандық бойынша 27 колледжде жүзеге асырылады. Яғни, 5000-нан астам студент білім алады. Дуальды оқытуға шамамен 448 кәсіпорын мен әлеуметтік серіктес компаниялар қатысады.
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
«Дуальды оқыту жүйесін дамытуда тәлімгерлік маңызды рөл атқарады деп санаймыз. Білім алушылар уақытының 60%-ын тәжірибе алаңында өткізеді», — дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Әсет Әділхан.
Семинарға қатысушылар дуальды оқытуды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, осы бағыттағы өзекті мәселелерді шешу әдістерін талқылады.