Сотта жәбірленуші тарап Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевтан материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талап арыз берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Алматыда Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.
Айыптау актісіне сәйкес, кәсіпкер Абай Жүнісовке келтірілген материалдық шығын 1,2 млрд теңге болады. Алайда үш жәбірленуші (ағайынды Жүнісовтер) сотталушылардан жалпы сомасы 10,9 млрд теңге материалдық және моральдық залалды өндіріп алуды сұрап, азаматтық талап арыз берді.
Гүлмира Сатыбалды талапты мойындамады. Екінші сотталушы Мәди Батыршаев (Гүлмира Сатыбалдының жүргізушісі) да талаппен келіспеді.