Шымкентте полиция арыстан абданын сатпақ болған түркістандықты ұстады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
20 қарашада полицейлер қаладағы базарлардың бірінің маңында арыстанның күшігін сатпақ болған әрекетті анықтады.
Жедел уәкілдер жануарды Түркістан облысы тұрғынының автокөлігінің жүк салғышында тапты.
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу жайты бойынша полиция қылмыстық істі тіркеді.
Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.