Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, белгілі блогер Дина Төреәлі үшінші рет ана атанып, шаңырағын шаттыққа бөледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл жолы отбасында көптен күткен қыз бала дүниеге келді. Жас ана қуанышты жаңалықты бөлісіп, «Қош келдің, қызым!» деп жазды.
Желі қолданушылары бірден жылы тілектерін жаудырып, құттықтауларын жеткізуде.
«Құтты болсын, бауы берік болсын!», «Бөріктіден кейін Көрікті келген екен, жақсылықты болсын!», «Ата-анасының көз қуанышы болып өссін!» – деп ақ тілектерін білдірді олар.
Осыған дейін екі ұл тәрбиелеп отырған Дина Төреәлі жаңа туған сәбиімен перзентханадан суреттерін жариялап, оқырмандарының ықыласына бөленді.
Бүгін Асанәлі Әшімовтің зайыбы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жүректі тебірентерлік жазба жариялады
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

