Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы, талғампаз сәнімен, сырлы үнімен көпшіліктің сүйіктісіне айналған Ерке Есмахан Мальдив аралдарынан ерекше фотоларымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әншінің бұл жолғы суреттері бұрынғыдан өзгеше, нәзіктігі мен сұлулығы ерекше байқалады. Еркенің өзі айтқандай, бұл фотосуреттерде халық білетін Ерке емес, жүрегі Райымға ғана ашылатын, күйеуіне ғана арнаған бейнесі көрініс тапқанын байқадық.
– Хас сұлу сіздерге бұрыннан таныс Еркені емес, Райым сүйетін Еркені көрсеткім келді. Жанымның жұбы, жүрегімнің егесі болған күйеуімнің камерасы да, өзі де менің осы бұйра-бұйра шаштарыма ерекше ғашық екенін суреттерден-ақ байқаған боларсыздар, – деп Ерке ағынан жарылды.
Шынында да, әншінің толқын-толқын болып төгілген қою бұйра шашы жүзіне нәзіктік беріп, табиғи көркін одан әрі айқындай түскендей. Еркенің бұрын көрінбеген бұл бейнесі тек Райымның жүрегін жаулап алған сұлулық сыры екені анық сезгендей болдық. Әншінің көзіндегі махаббат оты мен шуақты күлкісі де бұл сөзді растай түскендей…
Еркенің осы бір ерекше образы әлеуметтік желіде бірден көпшіліктің назарын аударып, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Осылайша, Ерке Есмахан жұртшылыққа бұрын байқалмаған сырлы әрі көркем қырын ашып, көптің жүрегін тағы бір мәрте жаулап алды. Оның бұл жаңа бейнесі жанкүйерлердің жадында ұзақ сақталары сөзсіз.
Айтпақшы, әлемжеліде танымал әнші Маржан Арапбаева отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болды деген ақпарат желдей есіп жүр. Өнер иесінің күйеуі әншіні аяусыз соққыға жыққан көрінеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

