Бүгін Қазақстанның барлық аймағында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, елдің батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін.
Орталық өңірлерде де тұман, көктайғақ, боран күтіліп отыр. Елдің шығысы, оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде жауын-шашын болмайды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Астанада LRT құрылысының екінші кезеңі қалай жүріп жатыр?Астанада 14 қабатты үйде өрт шығып, жеті адам құтқарылдыШымбұлақта Shyrshaly жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілдіОңтүстік аймақта ауа райы күрт бұзылады: қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты соғатын желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Қалалардағы жағдай мынадай:
- Астанада күндіз –6–8 °C, түнде –15–17 °C суық болады. Желдің екпіні секундына 3–8 метр.
- Алматыда күндіз +4+6 °C, түнде –2–4 °C. Желдің екпіні секундына 2–7 метр.
- Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, ауа температурасы +11+13 °C, түнде +4+6 °C болады. Жел секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







