Әлемдік кино және медиа нарығында ірі өзгерістер орын алуда. Paramount Skydance корпорациясы Warner Bros. Discovery компаниясын 110 миллиард долларға сатып алу туралы түпкілікті келісімге қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Келісім шарттарына сәйкес, Paramount Warner Bros. Discovery акцияларының әрқайсысын 31 доллардан сатып алады және компанияның барлық қарызын өз мойнына алады. Оның ішінде Netflix-пен бұған дейін жасалған келісімшартты бұзғаны үшін өтелетін 2,8 миллиард доллар өтемақы да бар.
Екі компанияның директорлар кеңесі бұл келісімді бірауыздан мақұлдады. Сатып алу рәсімі 2026 жылдың үшінші тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда.
Warner Bros. Discovery кино және сериалдардан тұратын үлкен қорымен, сондай-ақ «Гарри Поттер», «Сақиналар әміршісі», «Тақтар ойыны» секілді әлемге танымал франшизаларымен, HBO Max стримингімен және CNN, Discovery телеарналарымен әйгілі.
Paramount бас директоры Дэвид Эллисонның айтуынша, «әлемдік деңгейдегі екі студияның бірігуі көрермендер мен акционерлер үшін қосымша құндылық қалыптастырады».
Paramount компаниясын 2025 жылдан бері Эллисондар отбасы басқарады. Оның басшысы Ларри Эллисон – Oracle корпорациясының негізін қалаушы және АҚШ үкіметінің ірі серіктестерінің бірі.
Келісімді АҚШ-тың монополияға қарсы реттеуші органдары әлі мақұлдауы тиіс. Егер келісім мақұлданса, Paramount АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі туралы сыни материалдарымен танымал CNN арнасының да иесі болады.
Айта кету керек, бұған дейін аталған компанияны Netflix сатып алмақ болған еді. 2025 жылдың желтоқсанында Netflix Warner Bros. Discovery-ді 82,7 миллиард долларға сатып алуға келісім жасаған. Алайда Paramount одан әлдеқайда тиімді ұсыныс білдіргеннен кейін, Netflix бұл активтен бас тартқан.
Айтқандай, «Один дома» фильмінде басты кейіпкер Кевиннің анасының рөлін сомдап, қазақ көрермендерінің де жүрегін жаулаған әйгілі актриса Кэтрин О’Хара 71 жасында өмірден өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







