Кейде адам қанша шаршап тұрса да, ұйқысы келмей қояды. Әрине, ұйқысыздық сирек мазаласа, бір реттік ұйықтататын дәрі ішуге болады. Бірақ бұл мәселе жиі қайталанса, алдымен тамақтану әдеттеріңізді өзгерткен жөн, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ұйқыңыздың қас жаулары
Кофе – ұйқы ашатын жақсы құрал болғанымен, кофеин әр адамның ағзасынан әртүрлі уақытта шығарылады. Біреулер кешкі кофеден кейін де тыныш ұйықтай алады, ал кейбір адамдар таңертең ішкен кофенің әсерінен кешке дейін ұйықтай алмай қиналады.
Темекі – құрамындағы никотин жүйке жүйесін қоздырады, сондықтан темекіге әуес адамдардың ұйқысы тыныш болмайды.
Алкоголь тез ұйықтататын сияқты көрінгенімен, одан кейінгі ұйқы үзік-үзік, мазасыз болады. Ұйқы алдында ішімдік ішкендердің көбіне қорқынышты түс көретіні дәлелденген.
Ұйқы шақыратын тағамдар
Ұйқыны реттейтін екі гормон бар: мелатонин және серотонин. Демек, бұл гормондарға бай тағамдар тезірек ұйықтауға көмектеседі. Егер түні бойы тыныш ұйықтап, таңертең сергек оянғыңыз келсе, кешкі ас мәзіріне мына тағамдарды қосыңыз:
Күркетауық – құрамында ұйқы шақыратын триптофан бар. Бұл амин қышқылы мазасыздықты азайтып, тез ұйықтауға жағдай жасайды. Күркетауық етін көмірсулармен бірге жеген пайдалы, мысалы, картоппен.
Картоп және батат – триптофанның бөлінуіне кедергі келтіретін қышқылдарды бейтараптандырады. Егер картоп езбесін сүтке дайындасаңыз, ұйқыңыз тезірек келеді.
Банан – табиғи антидепрессант қана емес, ұйқыға жақсы әсер ететін жеміс. Құрамындағы мелатонин гормоны тез ұйықтатса, магний бұлшық еттерді босаңсытып, жүйке жүйесін тыныштандырады.
Сүт – құрамында триптофан бар. Ежелден-ақ балаларға ұйықтар алдында жылы сүт берілген. Бұл эмоциялық шиеленісті басып, тыныш ұйқыға жағдай жасайды.
Сұлы жармасы (овсянка) – мелатониннің табиғи көзі. Кешкі аштықты басып, ішектің жұмысын реттейді. Егер сүтке пісірілсе, ұйқыңыз тез келеді.
Зығыр тұқымы – ұйықтар алдында қайнатылған тұнбасы көңіл-күйді көтеріп, жүйке жүйесін тыныштандырады. Құрамындағы Омега-3 май қышқылдары жайсыз көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі. Егер тұнба ұнамаса, зығыр тұқымын сұлы ботқасына қосуға болады.
Түймедақ шайы – ежелден келе жатқан табиғи тыныштандыратын құрал. Түймедақ құрамындағы апигенин бұлшық еттерді босаңсытып, ұйқыны реттейді.
Тікелей ұйықтар алдында тек сүт, түймедақ шайы немесе зығыр тұқымының қайнатпасын ішуге болады. Басқа тағамдарды ұйқыға дейін 3-4 сағат бұрын жеген дұрыс.
Ұйқыңыз тыныш болсын десеңіз, теледидар қарамай, телефонға қарамай, орнына кітап оқып, түймедақ немесе валериана қосылған жылы ванна қабылдаған жөн.
Артық салмақтан арылу қазіргі заманғы ең өзекті мәселелердің бірі. Бірақ физикалық жаттығу мен диета нәтижесінде жоғалтқан салмағыңыз көп ұзамай қайта оралып жатады. Оның себебі калория шығыны мен кірісінің дұрыс есептелмеуден екенін білмейміз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







