31 наурыз, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде көктемгі жылы ауа райы сақталады. Дегенмен елдің батысы мен оңтүстігіндегі бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, тұман және екпінді жел болжанып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болса, күндіз 14–19 градусқа дейін жылиды. Көкшетауда күн құбылмалы, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Түнде 0–2, күндіз 15–17 градус жылы болады.
Астанада да күн жауынсыз болады. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, ал күндіз 14–16 градусқа дейін көтеріледі.
Алматы облысында күн ашық болады. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады. Түнде 9–14 градус жылы болса, күндіз 22–27 градусқа дейін жылиды. Қонаевта күн құбылмалы, бірақ жауын жаумайды. Күндіз ауа 23–25 градус жылы болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз күн күтіледі. Түнде 10–12, күндіз 24–26 градус жылы болады. Ал Іле Алатауының таулы бөлігінде ауа температурасы төменірек болады: түнде 0–5, күндіз 12–17 градус.
Жетісу облысында да жауын-шашын болмайды. Түнде 2–7 градус, күндіз 21–26 градус жылы болады. Талдықорғанда күндіз ауа 21–23 градусқа дейін көтеріледі.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы күндіз 25–30 градусқа дейін жетеді. Түркістан қаласының өзінде жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Күндіз 28–30 градус жылы күтіледі.
Шымкентте күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 12–14, күндіз 27–29 градус болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауу ықтималдығы бар. Оралда күндіз жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Ауа температурасы 19–21 градус жылы болады.
Маңғыстауда жаңбыр
Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай болады. Атырау қаласында да аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз 21–23 градус жылы күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман түседі. Ақтауда ауа температурасы түнде де, күндіз де шамамен 10–12 градус деңгейінде сақталады.
Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі және орталығында аздаған жаңбыр күтіледі. Ал Ақтөбе қаласының өзінде жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа 23–25 градусқа дейін жылиды.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз күн болады. Кей жерлерде тұман түседі. Қостанайда түнде 0–2 градус аяз, күндіз 14–16 градус жылы күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Бірақ кей аумақта тұман мен көктайғақ сақталады. Петропавлда түнде 0–2, күндіз 11–13 градус жылы болады.
Павлодар облысында да күн ашық, бірақ таңертең тұман болуы мүмкін. Павлодарда күндізгі температура 10–12 градус шамасында болады.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз күн күтіледі. Қарағандыда ауа температурасы түнде 0–2, күндіз 17–19 градусқа дейін көтеріледі.
Ұлытау облысында күн ашық болады. Жезқазғанда түнде 6–8, күндіз 23–25 градус жылы күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Өскеменде күндіз 9–11 градус жылы болады.
Абай облысында да жауын-шашынсыз күн сақталады. Семейде түнде 0–2 градус аяз, күндіз 10–12 градус жылы болады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында таңертең және күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Бірақ Қызылорда қаласында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа 28–30 градусқа дейін жылиды.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, күндіз найзағай болуы ықтимал. Кей аумақта шаңды дауыл да күтіледі. Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ауа температурасы 22–24 градус жылы болады.
Жалпы алғанда, 31 наурызда Қазақстанның көп бөлігінде күн жылы әрі жайлы болады. Бірақ батыс пен оңтүстіктегі өңірлерде жауын-шашын, найзағай, тұман және желге байланысты сақтық қажет.
Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат туралы мәлімдеме жасап, полицияның қатысы болуы мүмкін деген болжамды алғаш жариялаған заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







