Катонқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Тазалық жұмысына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысып, аудан аумағынан 3 тонна қоқыс шығарылды, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Акцияның ашылуында Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының басшысы Айтас Нұрқас сөз сөйледі. Ол қоршаған ортаны қорғау мен туған жердің тазалығын сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ игі бастамаға қолдау білдірген тұрғындарға алғыс айтты.
Қатысушылар аудан көшелерін, қоғамдық орындарды, бұлақ маңы мен жол жиектерін тұрмыстық қалдықтан тазартты. Ортақ іске жұмылған жұрт туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосты. Табиғи аумақтарды күтіп ұстауға ерекше көңіл бөлінді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, экологиялық шараға 300 адам жұмылдырылды. Қоқысты жинап, арнайы орынға шығаруға үш техника тартылды. Нәтижесінде аудан аумағынан 3 тонна тұрмыстық қалдық әкетілді.
Акция тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылар елді мекен тазалығын бір күндік науқанмен шектемей, күнделікті мәдениетке айналдыру қажет екенін атап өтті. Мұндай бастама табиғатты қорғап, қоғамдық кеңістікті таза ұстауға ықпал етеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!








