Калифорнияда SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышының ұшырылуын Садыр Жапаров қадағалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жерсерікті ұшыру Қырғызстан мен БАӘ арасындағы бірлескен жұмыстың нәтижесі болды, деп атап өтті президент әкімшілігінде. Жерсерікті басқару Бішкектегі Басқару орталығынан жүзеге асырылады.
Ақпараттық мониторинг және цифрлық даму
Алынатын ақпарат ауыл шаруашылығы жерлерін, мұздықтарды, су нысандарын бақылауға, сондай-ақ табиғи экожүйелердегі өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді.
Кейіннен жерсерік деректері мемлекеттік цифрлық жүйелермен біріктіріліп, карталар мен сараптамалық модельдерді әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







