Ranking.kz соңғы жеті жылдағы инвестициялық белсенділікке қатысты деректерді жинақтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
2019 жылдан 2026 жылға дейін елімізде 8,7 трлн теңгеге 1 226 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 106,8 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 2026 жылдың сегіз айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 17%-ға өсіп, бағаны ескергендегі нақты өсім 8,1%-ды құрады.
Жүзеге асқан 1 226 жобаның 1 072-сі өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиді: бұл бағытқа 6,1 трлн теңге инвестиция салынып, 93,7 мың жұмыс орны ашылды.
Өңдеу өнеркәсібі мен өңірлер бойынша көрсеткіш
Салалық бағыттар бойынша көрсеткіштер төмендегідей бөлінді: тамақ өнеркәсібінде – 265 жоба, құрылыс материалдары өндірісінде – 242, машина жасауда – 187, химия өнеркәсібінде – 57 жоба.
Өңірлер бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр (130 жоба). Одан кейінгі орындарға Астана (91 жоба), сондай-ақ Ақмола және Алматы облыстары (әрқайсысында 81 жобадан) жайғасқан.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







