Көптеген Telegram-арналар осы жаңалықты жарыса таратты, нәтижесінде Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) аталған мәселеге қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ведомство Дубайда жылжымайтын мүлік 2011–2019 жылдар аралығында сатып алынғанын атап өткен болатын.
БАҚ жарияланымдарында жалпы сомасы 5,91 млн долларды құрайтын, құны 735 мыңнан 1,12 млн долларға дейінгі 7 пәтер көрсетілген. Яғни сол кезеңде жылына орта есеппен 845 мың доллардан бір пәтерден алынып отырған.
Риелторлық комиссия көлемі қандай?
БАӘ-де риелторлық комиссия заңмен мәміле құнының 2% мөлшерінде бекітілген. Мұның 1%-ын немесе одан да көбін риелторлық компанияның өзі ұстайды, ал риелторға ең жақсы жағдайда 1%, не болмаса бастапқы кезеңде 0,3–0,5% ғана тиеді.
«Олар Дубайға алғашқыда Қазақстаннан өз клиенттерімен келді және жоғарғы меже бойынша – мәмілелердің 1%-ын алуға келісе білді деп есептейік. Онда жылына 85 млн доллардың немесе 8 жылда 590 млн доллардың мәмілесін жасау қажет болады. Жарты миллиард доллардан асатын мәміле көлемі – өте қомақты қаражат», – дейді сарапшы Олжас Байділдинов.
Бұған дейін «Азаттық» зерттеу жүргізіп, қазақстандықтардың Дубайдағы мүлкінің жалпы көлемін 1,1 млрд долларға бағалаған болатын. БАӘ-де шамамен 1,5 мың қазақстандықтың жылжымайтын мүлкі бар, ал орташа сатып алу бағасы – 733 мың доллар. Олай болса, олар барлық қазақстандық сатып алушылардың жартысынан көбінің мәмілесін өздері жапқан ба (бай қазақстандықтарға 1,5 мың пәтердің 800-ін сатуы керек пе еді)? Сатылымдар тек отандастарға ғана емес, басқаларға да бағытталған деуге болар, алайда бұл сирек кездеседі, өйткені нарықтың өзіндік ерекшелігі бар.
Қазіргі нарықтағы баға динамикасы
Екінші жағынан, олар Дубайға бір-екі миллион доллар көлеміндегі капиталмен келіп, offplan (бөліп төлеу) бағдарламасымен мүлік алып, кілті шыққан соң сатып немесе 4–5%-дық ипотека рәсімдеген болса, 7 пәтерге ақша табу әбден мүмкін.
Сарапшы қазіргі бағаларды да салыстырып көргенін айтады. Downtown Dubai ауданындағы нысан (Forte Tower II, Dubai Mall фонтанына қарама-қарсы) 879 мың долларға (2BR) бағаланған, ал қазіргі нақты құны – 2,6–2,8 млн AED немесе 712 мың доллар (сатып алу бағасынан шамамен 20% арзан).
«Пальмадағы Azure Residence – сатып алу үшін жақсы нысан. Онда жалпы сомасы 1,65 млн долларға әрқайсысы 106 шаршы метр болатын 2 пәтер алынғаны жазылған, яғни әр пәтер 825 мың доллардан немесе шаршы метріне 7,8 мың доллардан түскен. Қазіргі ұсыныстар Шығанаққа қарайтын пәтерлер үшін 3,9 млн AED-тен басталады, бұл шамамен 1,1 млн доллар. Бұл ұтымды сатып алу болды деп ойлаймын. Дегенмен осы ТК-дағы қазіргі жалдау бағасы бойынша бұл сома ұзақмерзімді жалдау кезінде 24 жылда өтеледі», – деп атап өтті сарапшы.
Ал Dubai Mall маңындағы құны 1,12 млн доллар болған Vida Tower II қазір 1 млн долларға сатылып жатыр (120 мың долларға арзандаған). Жылдық жалдау бойынша өтелу мерзімі – 18 жыл. Сонымен қатар Дубайда соңғы айларда мәмілелер саны 14%-ға, баға индексі шамамен 4%-ға төмендеп, нарық біртіндеп бәсеңдей бастаған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






