Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін А91 көшесіндегі №36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлердегі кредиттік тұрғын үйге өтінім қабылдау жүріп жатыр. Бағдарлама Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында іске асырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Өтінім қабылдау тәртібі мен мерзімі
Нысандардың кодтары – 10336, 10338, 10339 және 10340. Өтінімдер 2026 жылғы 7-19 қазан аралығында Baspana Market сайтының жеке кабинеті арқылы қабылданады. Кандидаттарды іріктеу 21 қазанға жоспарланған.
Пәтерлердің саны мен несие шарттары
Барлығы 562 пәтер ұсынылады. Оның ішінде: • 1 бөлмелі – 166 пәтер; • 2 бөлмелі – 276 пәтер; • 3 бөлмелі – 80 пәтер; • 4 бөлмелі – 40 пәтер.
Тұрғын үйлер бес қабатты, лифт қарастырылмаған. Пәтерлер толық әрленген күйде сатылады.
Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,2%-дан 5,8%-ға дейін. Бастапқы жарна 10%-дан басталады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







