Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды.
Бұл қызметке бұған дейін комитет төрағасының орынбасары міндетін атқарған Әлішер Мұқажан келді, деп хабарлайды Ertenmedia.
Әлішер Мұқажан 2017-2018 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі баспасөз қызметінде сарапшы болды.
2019 жылдан 2023 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ-пен байланыс департаментінде сарапшы, кейін аталған министрліктің Мемлекеттік ақпараттық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың желтоқсанынан осы күнге дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарып келген.