Әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелі Алтынай жолдасына қатысты полицияға жазған арызынан кезекті рет бас тартып, қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жақында Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына әншінің жары хабарласып, күйеуінің отбасылық жанжал кезінде қол көтергенін мәлімдеген еді. Полицейлер Рахат Тұрлыхановты дереу бөлімшеге жеткізіп, тергеу амалдарын бастаған болатын.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері қажетті дәлелдерді жинақтап, мән-жайды жан-жақты зерттеген. Ведомствоның мәлімдеуінше, жиналған материалдар музыканттың әрекетіне қатысты белгілі бір күмән туғызған.
Алайда кейіннен Алтынай арызынан бас тартып, іске одан әрі қатысқысы келмейтінін жеткізген. Осыған байланысты қылмыстық іс өндірістен алынып тасталды.
Оқиға Рахат Тұрлыхановтың отбасындағы алғашқы жанжал емес. Бұған дейін де жұбайы бірнеше рет арыз жазып, кейін оны кері қайтарып алған еді. Алдыңғы жағдайлардың бірінде істің тоқтатылғанына қарамастан, прокурор наразылық білдіріп, сот шешімімен әнші 10 тәулікке қамалған болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат Алматыда екі заңгерді соққыға жығып, істі болған еді. Кейін ол жазасын толық өтемей, түрмеден босап шықты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







