2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал және Үржар қалаларына субсидияланатын тұрақты рейстерді орындай бастайды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Жаңа бағыттар жазғы туристік маусым қарсаңында іске қосылып отыр. Астана мен Алматы қалаларынан Үшаралға және Үржарға аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны 20 мың теңгені құрайды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, билеттер онлайн сатылымда қолжетімді болады.