Астана қаласында «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» «Құндылықтарға негізделген тағылым-тәрбие негіздері: сценарий мен әзірлеме үлгілері» тақырыбында ашық алаң өткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл жылдық жоспарға байланысты «М. Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжі» базасында ұйымдастырылды.
Тәрбие жұмысының жаңа әзірлемелері
Іс-шара барысында «Тағылым мен тәрбие – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізі», «Адал азамат күнделікті әрекет айнасы: колледждегі тәрбие тәжірибесі», «Адал азамат» құндылықтарын бойына сіңірген тұлға қалыптастыру», «Қамқорлықтан құндылыққа: студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамыту», «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы «Ұлт ажары» идеясы», »Ұлттық сана тірегі: аты аңызға айналған Роза», «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар маңызы» тақырыптарында еркін үлгіде тәжірибелік әкелген үлгілі сценарий, әзірлеме, ұсынымдарын ортаға салып, пікір тыңдалып, практикалық жұмыс қызу талқыланды.
«Ашық алаңның мақсаты құндылыққа негізделген оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кураторлардың әдістемелік-тәжірибесімен бөлісуі еді. Бұл іс-шараға 1 тәрбие орынбасары мен 7 топ жетекшілері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтар айының мазмұнына сай тәжірибелік әзірлемелер мен әдістемелік ұсынымдар, сценарийлер арқылы тәрбие жұмысының маңызды, тиімді тәжірибелерін ортада көрсете білді», – деді М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сарсенбаева.
Тәжірибелік алаңның нәтижесі
Іс-шарада «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларын іске асыру, 6 құндылық пен 6 жобаның терең тәрбие тағылымы мен тәрбие негіздерін студенттің талап-тілегіне, қабылдау ықыласына лайықты маңызды және тиімді жолдары көрсетілді. Тәжірибелік алаңда 32 колледж кураторлары мен жаңа келген тәрбие орынбасарлары қамтылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







