Автор: Думан Бықай

Конституциялық сот

Бүгінде әлемнің әр түкпірінде судьялар тек заң баптарын тәпсірлейтін маман емес, мемлекеттің құқықтық бағытына, тіпті қоғамдық моральдың шекарасына ықпал ететін салмақты күшке айналып барады. Вашингтоннан Нью Делиге, Астанадан Иерусалимге дейін созылған осындай күрделі құбылысты саясаттанушы Шыңғыс Ергөбек саралап, сот билігінің жаңа дәуірдегі шынайы салмағын таразылап берді деп жазады Ertenmedia.kz. Әлқисса Қазіргі конституциялық демократияларда соттар өздерін тек дауларды шешетін бейтарап төрешілер деп қарастырудан алшақтап барады. Заманауи соттың образы, күрделі сауалдарға жауап беретін, құқық нормаларын қалыптастырушы маңызды қайнар көзге айналуымен айқындалуда. Батыстан шығысқа, Оңтүстік Америкадан Антарктидаға дейінгі кеңістікте қоғамдағы ең негізгі құқықтық және моральдық сұрақтарға жауапты заң шығарушы парламент өкілдері емес, судьялар…

Толық оқу
Тоқаев банктер

Қазақстандық банк арқылы сырттан келген 7 триллион теңгенің құпиясы талай күн бойы күн тәртібінен түспей тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұған дейін президент Тоқаев 2025 жылы бір ғана қазақстандық банк арқылы көрші мемлекеттен үшінші елдерге 7 трлн теңге аударылғанын мәлімдеген еді. Іле-шала Ұлттық банк пен Қаржы мониториң агенттігі трансшекаралық операцияларды тексеруге кіріскен-тін. Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, қазіргі геосаяси ахуал тұсында Қазақстанның ұстанымы барынша сақ әрі салмақты болуы тиіс. «Жұрт алдындағы сарапшылардың жауапкершілігі мемлекет тағдырымен өлшенбейді, олар кез келген ойды еркін айта алады. Бірақ Қазақстан жаһандық тұрақсыздықтан барынша аз зардап шегу үшін өте нәзік әрі шебер ойын жүргізуге мәжбүр. Сондықтан өз басым нақты…

Толық оқу
қызылша екпесі

Қазақстанда қызылшаның қайта өршуі вакцинадан жаппай бас тартумен тікелей байланысты болып шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Денсаумин-нің дерегінше 2025 жылы ел аумағында қызылша инфекциясының 4240 дерегі тіркелген, оның ішінде 3673-і (88 пайызы) балалар мен жасөспірімдер арасында. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы төрағасының орынбасары Манар Смағұлдың айтуынша, республикада жұқпалы аурулардың 70-80 пайызы мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушылары арасында анықталады. Қызылшаның елдегі эпидемиялық жағдайды қайта ушықтыруына вакцинация көрсеткішінің төмендігі себеп болып отыр. «Қызылша жұқтырғандардың 77 пайызы мүлде екпе алмағандар. Жалпы екпе алмағандар саны – 3286 адам. Оның ішінде вакцинациядан бас тартқандар – 1686, медициналық анықтамасы бар – 527, жас шамасы жетпеген –…

Толық оқу
Қырғыз әдебиетінің алыбы Шыңғыс Айтматовтың

Қырғыз әдебиетінің алыбы Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдық мерейтойын тойлаудың қажеті жоқ. Оның орнына халықтың әл-ауқатын көтеруге көңіл бөлген жөн. Жазушының қарындасы Роза Айтматова мерейтой қарсаңында осындай ұсыныс жасап, үкіметке үндеу жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Роза Айтматованың айтуынша, мұндай сұрақ қоғам тарапынан да туындап, «мерейтойға жұмсалатын қаржыны халықтың қажетіне жарату керек еді» деген пікір қалыптасуы мүмкін. «Айтматовтың 100 жылдығына бөлінген көл-көсір қаражатқа басқа маңызды істерді атқаруға болар еді деген аргумент міндетті түрде айтылады. Сондықтан сол ақшаны қарапайым азаматтардың өмір сапасын жақсартуға жұмсауды алдын ала өтініп отырмын. Шыңғысты шын құрметтегісі келгендер осылай жасауы керек», – деді ол. Роза Айтматова ағасының өмірден өткеніне…

Толық оқу
Ерлан Қошанов

Қазақстанда Құрылтай депутаттары министрлерді қызметінен қууға тікелей ықпал ете алуы мүмкін. Конституциялық комиссия осындай жаңа норманы енгізуді ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сенат депутаты Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, жаңа ереже бойынша Құрылтай депутаттарының үштен бірі Үкімет мүшелерінің есебін тыңдауға бастама көтере алады. Егер министрлер заң талаптарын орындамаған жағдайда, депутаттар Президентке оны қызметінен босату туралы ұсыныс жасай алады. «Бектенов? Депутаттардың кем дегенде үштен бірінің талабымен Үкімет мүшелері не бітіріп жатқанын айтып, арнайы есеп береді. Егер есеп Құрылтай көңілінен шықпаса, бұл Үкіметке білдірілген сенімсіздік болып саналады. Мұндай жағдайда Президент депутаттар ұсынысы бойынша Үкімет мүшесін қызметінен босатады», – деді Нұрлан Бекназаров. Осылайша, Құрылтайдың саяси салмағы…

Толық оқу
Мал ұрлығы

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында қарақшылар шаруа қожалығының жылқыларына оқ атып, жаға ұстатар қатыгездік жасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бәйдібек би ауылының маңында орын алған оқиға өңірдегі барымта мен сырымтаның шектен шығып кеткенін дәлелдеп отыр. Қылмыс 4 қаңтарға қараған түні болған. Белгісіз топ түн жамылып, екі үйір жылқыны Алматы-Қорғас күрежолына қарай қуып әкеліп, оқ жаудырған. Әлгі жер қып-қызыл қанға боялған. Қаскөйлер төрт жылқыны сол жерде атып өлтіріп, түнімен сойып, етін мүшелеп, түгел алып кеткен. Оқиға орнында сойылған малдың терісі мен ішек-қарны ғана қалған. Мойнына, шабына оқ тиген тағы төрт жылқы қазір қорада қансырап тұр. Зардап шеккен шаруа қожалығының иесі Қизаттың айтуынша, жатар…

Толық оқу
Данияр Жандаевтың ұсталуы туралы

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаевтың ұсталуы туралы жаңа мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокуратураның хабарлауынша, бұл іс медициналық құрал-жабдық сатып алу кезіндегі жемқорлыққа байланысты қозғалған. «Ауруханаларға бағасы бірнеше есе қымбат әрі қажетсіз құрал-жабдық жеткізілген. Салдарынан мемлекетке келген шығын көлемі екі миллиард теңгеден асып отыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», – делінген ведомство мәлімдемесінде. Экс-басшы Данияр Жандаевпен бірге оның орынбасары Ерболат Доспанов, аудандық ауруханалардың бірінің бас дәрігері және медициналық құрал-жабдықты жеткізуші компания өкілі ұсталды. Бұған дейін облыс әкімі Құмар Ақсақалов осы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, істі прокуратура қарап жатқанын айтқан болатын. «Мәселенің мән-жайын прокуратура…

Толық оқу