Қазақстан банктері депозит бойынша пайыздық мөлшерлемені көтеруде. Бұған Ұлттық банктің ақша-несие саясаты әсер етіп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) мәліметінше, әр банк депозиттің пайыздық мөлшерін ішкі саясатына сәйкес өзі белгілейді. Шешім қабылдауда Ұлттық банктің базалық ставкасы, нарықтағы жағдай және халықтың салымын тарту қажеттілігі басты рөл атқарады. 30 желтоқсан 2025 жылғы жағдай бойынша депозит нарығының бірнеше сегментінде пайыздық ставкалардың едәуір өскені байқалған. Әсіресе мерзімді және жинақ салымдары бойынша ставкалар айтарлықтай артқан. Қазір банктер бұл депозиттерге 20–20,5 пайыз аралығында ең жоғарғы сыйақы ұсынып отыр. Мұндай жоғары пайыз көбіне қысқа мерзімге (3–6 ай) ашылған депозиттерге берілуде. ҚДКБҚ дерегіне сәйкес, банктер…
Автор: Асылхан Бөрібай
Үкімет шетелге шығарылатын сиыр етін тағы жарты жылға дейін қатаң бақылауда ұстайтын болды. Ауылмин ет экспортына қатысты шектеуді 2026 жылдың маусым дейін созды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрлік бекіткен ережеге сәйкес, алдағы алты ай ішінде сыртқа жіберілетін сиыр етінің жалпы көлемі 20 мың тоннамен шектелмек. Шектеу жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған еттің барлық түріне қатысты. Ереже Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен қатар, өзге де шет мемлекеттерге экспорттауға бірдей қолданылады. Әр экспорттаушының үлесі бордақылау алаңдарының мүмкіндігіне сәйкес жеке анықталады. Электронды портал арқылы автоматты түрде рәсімделетін квота он күнге жарамды. Лицензия шекарадағы ветеринарлық бақылаудан өткеннен кейін ғана іске асады. Контекст Мұның алдында министрлік экспорт…
Қазақстан экономикасына рубль тасқынынан келетін қауіпті тек саяси шешіммен ғана тоқтатуға болады. Әйтпесе бұл жағдай халықтың тұрмысына кері әсер етіп, жинақтарының құнсыздануына әкеледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономист Марат Әбдірахмановтың пікірінше, соңғы кездегі теңгенің нығаюы Қазақстан нарығына рубльдің өте көп көлемде ағылуымен байланысты. Санкцияға түскен рубль бүгінде толық конвертацияланбайтын валютаға айналғанымен, елге кіруі тоқтамай отыр. «Қазақстанға күнделікті кіретін импорт көлемі бұрын 200–250 млн доллар болса, қазір ол 300–350 млн долларға дейін өсіп кетті. Сауда операциялары арқылы сыртқа доллар шығып, оның орнына ел ішінде рубль қалып жатыр. Бұрын Ресейдің Орталық банкі арқылы рубльді долларға ауыстыратын мемлекетаралық клиринг жүйесі жұмыс істейтін. Бірақ 2025…
«Maxi шай» брендінің негізін қалаушы Тұрсынғали Алагөзов биыл алғаш рет Forbes тізіміне еніп, елдегі ең дәулетті кәсіпкерлер арасында 61-орынды иеленді. Бірақ бір нюанс бар. Журнал оның байлығын 130 млн долларға бағалағанымен, кәсіпкер өзінің дәулетін одан кемінде үш есе жоғары деп есептейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Forbes-ке берген сұхбатында кәсіпкер байлықты бағалау тәсілі туралы былай дейді: «Мен үшін бизнеске салынған әр теңге бұл капитал. Ал Forbes әдістемесі бойынша, алдымен жобаны аяқтап, тіркеп, іске қосқан соң ғана есептеледі», – деп түсіндірді ол. Былтыр ол Шымкенттегі сыра зауытын 8 млрд теңгеге сатып алып, оған қосымша 40 млн доллар инвестиция құйған. Ал биыл ақпанда «Цесна-Астық»…
Путинмен кездесуден кейін экс-президент Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әңгімелесу 29 желтоқсан күні өтті. Тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Әңгіме барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді. Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық әріптестігі, тату көршілігі және одақтастық байланыстарының берік орныққанына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар, екі жақты өзара іс-қимылдың барлық маңызды бағыттарындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды. Экс-президент күні кеше Мәскеуге сапарлап Кремль көсемімен жүздесіп қайтқан болатын. Кремльдің баспасөз қызметі таратқан видеода Путин мен Назарбаев даңғарадай дөңгелек үстел басында әңгімелесіп отыр. Ресей басшысы Әбішұлымен биыл мамыр айында…
Қазақстандағы уран қорының төрттен бір бөлігі қалайша Ресейдің бақылауына өтіп кетті? Мұнай-газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетов осыны егжей-тегжейлі талдаған екен, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшының айтуынша, Ресейдің «Росатом» корпорациясы Қазақстанның уран қорына көз салуын 2009 жылдан бастаған. Бұған дейін канадалық Uranium One компаниясы еліміздегі уранның шамамен 6–10 пайызын, яғни 50–80 мың тонна көлеміндегі қорын бақылауда ұстаған. Канадалық компания активтерді «Бетпақ Дала» және «Қызылқұм JV» бірлескен кәсіпорындары арқылы UrAsia Energy компаниясынан сатып алған. «2009 жылы «Росатом» құрамындағы ARMZ («Атомредметзолото») компаниясы Uranium One-ға біртіндеп кіре бастады. Алдымен активтер алмасу және бірлескен кәсіпорындарға қатысу арқылы Uranium One компаниясындағы үлесін 17 пайызға жеткізіп, Қазақстандағы уран…
Шымкентте Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының басшысы Батыр Мырзакелдиев ұсталды. Ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Orda-ның атап өткеніндей құқық қорғау органдары әзірге ресми түсініктеме бермей отыр. Аталған жайтқа байланысты Батыр Мырзакелдиевтің қорғаушылары өз ұстанымын білдірді. Адвокат Талғат Есімовтің айтуынша, Батыр Мырзакелдиев өзіне тағылған айыппен келіспейді және оқиғаны үшінші тұлғалар тарапынан жасалған арандату деп санайды. «Ақпарат біржақты таралып кетпеуі үшін қорғаушы тараптан мәлімдеме жасауға мәжбүрміз. Батыр Мырзакелдиев өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Бұл басқа қылмыстық істен жалтаруға тырысқан адамдардың ұйымдастырған арандатуы болуы мүмкін. Кез келген жағдайда пара алу фактісі болған емес. Барлық мән-жайды анықтайтынымызға сенімдіміз», – деді…
Назарбаевтың Кремль дастарханынан дәм татуы кездейсоқ емес, оның артында үлкен саяси астар жатыр. Белгілі саясаттанушы Аркадий Дубнов дәл осындай пікірде деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Путин мен Назарбаевтың кешегі отырысын 8 секундтық кадрға сыйдырған Кремльдің видеосынан гөрі, осы кездесудің шын мәні әлдеқайда тереңде болуы мүмкін. Дубновтың айтуынша, бұрынғы кеңес республикаларының бұрынғы президенттері тағдыры сан алуан. Бірі түрмеде отыр, бірі сыртта бас сауғалап жүр, енді бірі өмірден өткен. Дәл қазір Кремль назарын Назарбаевқа ғана бұрып отыр. Мұның екі себебі бар «Біріншіден, Назарбаев Кремль үшін тәуелсіздікке өту кезеңіндегі тарихи тұлға ғана емес, әлі де ықпалын сақтап отырған «ескі Қазақстанның» символы. Оның физикалық және интеллектуалдық…
Қазақстанда банк депозиттерінің сыйақы мөлшерлемесі соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, қараша айында жеке тұлғалардың теңгедегі депозитінің орташа мөлшерлемесі 14,8 пайызға дейін өскен. Бұл 2023 жылдың желтоқсанынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Былтыр қарашада орташа сыйақы көлемі 13,2 пайыз еді. Биылғы жыл басынан бері пайыздық мөлшерлемелер үздіксіз өскен, әсіресе соңғы төрт айдағы өсім анық байқалып отыр. Халық арасында қысқа мерзімді депозиттер үлкен сұранысқа ие. Бір айдан үш айға дейінгі салымдардың сыйақысы 16,6 пайызға жетіп, бірнеше жылдық рекордты жаңартты. Бір айға дейінгі депозиттер бойынша орташа сыйақы 16,1 пайызды, үш айдан бір жылға дейінгілері 14,6…
Депутат Бапи мәжілістің мұнай кен орындары, әсіресе Қашаған бойынша жасалған өнімді бөлу туралы келісімді қайта қарауға дайындалып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, Қашаған кен орнына қатысты ең өзекті мәселе мұнайдан түскен табысты әділ бөлу. Бұл тақырып қоғамда көптен бері қызу талқыланып келеді. «Біз 90-жылдары жасалған келісімдердің ашықтығын талап етеміз. Ол кезде бүкіл қоғамның пікірінсіз, тек бір адамның шешімімен ғана өте күрделі әрі маңызды келісімшарттар жасалған. Осы құжаттардың артында қандай құпия тұрғанын халықтың білуге толық құқығы бар», – деді Бапи Мәжіліс кулуарында. Контекст Соңғы жылдары Тоқаев тарапынан Назарбаев дәуірінде қол қойылған бірқатар маңызды келісімдерді, соның ішінде 3 ірі мұнай…










