Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға қандай айыптар тағылғанын жария етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Соттың санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген. Агенттіктің дерегіне сәйкес, ер адам шамамен бес жыл бойы Instagram әлеуметтік желісінде «qais_arr» лақап атымен белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, 2,4 миллионға жуық жазылушы жинаған. Сонымен қатар 368 мыңнан астам оқырманы бар «Қора энтертейнмэнт» атты жабық Telegram арнасын басқарған. Тергеу материалдарында көрсетілгендей, күдікті жеке әлеуметтік желідегі парақшаларын пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарына бағытталған «Pinco» интернет-казиносына қатысуға шақыратын бейнематериалдар мен жазбаларды жүйелі түрде жариялаған. Посттарда тікелей сілтемелер, графикалық элементтер және тіркелуге…
Автор: Асылхан Бөрібай
ҚР Сыртқы істер министрлігі Таиландта апатқа ұшыраған катердің салдарынан зардап шеккен қазақстандық туристердің жағдайы туралы мәлімет берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ведомствоның хабарлауынша, соңғы деректерге сәйкес, зардап шеккен Қазақстан азаматтарының біреуі ауруханадан шығарылған, тағы екі азамат ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Бұл туралы отандық телеарналар да мәлімдеді. Министрліктің ресми түсіндірмесінде апатқа ұшыраған катерде сегіз Қазақстан азаматы болғаны айтылған. Барлығына медициналық көмек көрсетілген. Үш адам ауруханаға жатқызылған. Қазіргі таңда бір азамат үйіне шығарылған, қалған екеуі дәрігерлердің бақылауында, сауығу динамикасы оң. Емдеу шығындары сақтандыру компаниясы есебінен өтеліп жатыр. Қазақстанның консулы азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау көрсетіп…
14 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал күнделікті күйбеңнен шығып, ойды реттеуге, жаңа бағытқа бет бұруға мүмкіндік береді. Ішкі түйсігін тыңдап, сабыр сақтаған жандар үшін күн нәтижелі өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Күн қарқынды басталады. Алдыңыздан жаңа мүмкіндік шығып, тез шешім қабылдауды талап етуі мүмкін. Байыппен әрекет етсеңіз, нәтиже көңілден шығады. Кешке қарай жағымды хабар есту ықтималдығы бар. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Қаржыға қатысты мәселе оң шешілуі мүмкін. Ұсақ-түйекке алаңдамай, негізгі жоспарға назар аударған жөн. Жақын адамдармен ашық сөйлесу ішкі ауырлықты жеңілдетеді. Егіздер (21 мамыр – 20 маусым) Қарым-қатынасқа толы күн. Кездесулер мен әңгімелер жаңа…
Ел аумағында алдағы тәуліктерде ауа райы күрт құбылып, бірқатар өңірде қолайсыз метеожағдай қалыптасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Солтүстік аймақтарда қатты аяз күшейіп, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Орталық өңірлерде ауаның бұлттылығы құбылып, кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтіледі, күндізгі аяз сәл әлсірейді. Батыста аспан бұлтты болып, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін, жел күшейіп, көктайғақ байқалады. Оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, күндіз ауа температурасы плюстік мәнде болады. Шығыста да бұлттылық құбылып, түнде кей жерде аздаған қар жауып, аяз сақталады. Қалалардағы жағдай Астанада түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ байқалады, түнде ауа температурасы…
Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы маңында шабуылға ұшыраған танкерлердің бірін «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы жалға алғаны белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін Қазақстан мұнайы экспортталатын Оңтүстік Озереевкадағы КҚК теңіз терминалына мұнай тиеуге бет алған төрт танкерге теңіздегі ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасаған. Солардың бірі «MATILDA» танкері. Кеме «ҚазМұнайГаздың» еншілес құрылымы саналатын «Қазмортрансфлот» компаниясы арқылы фрахтталған. Танкерге жүк тиеу 18 қаңтарға жоспарланған. «ҚазМұнайГаз» таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл салдарынан жарылыс болғанымен, одан кейін өрт тіркелмеген. Экипаж мүшелері зардап шекпеген. Алдын ала бағалау бойынша, кеме теңізде жүзу қабілетін сақтап қалған, алғашқы тексеріс кезінде конструкциясына елеулі зақым келгені анықталыпты. Қазіргі уақытта келтірілген залалды бағалау жұмыстары жүріп…
Бүгін Ғылым ордасында қолжазба мұраны сақтау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу мәселелері талқыланған жұмыс кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» атты ғылыми жоба аясында ұйымдастырылды. Кездесуде Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов, жоба жетекшісі Нұрлан Атығаев болды. Тағы Қолжазбатану ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ықтияр Палтөре және шығыс тілдеріндегі қолжазба мұраны зерттеп жүрген ғалымдар қатысты. Басқосу барысында жобаның орындалу барысы, қолжазба қорларын реестрлеу мен ғылыми каталогтау әдістемелері, реставрациялау және цифрландыру жұмыстарының қазіргі ахуалы жан-жақты қаралды. Сонымен бірге жүргізіліп жатқан зерттеулердің аралық нәтижелері, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер және ғылыми өнімдердің сапасын…
Өткен жылы Жетісу облысының экономикасына 610,9 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылып, жоспардың орындалуы бойынша өңір республикада төртінші орынға шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жалпы инвестицияның 434,8 млрд теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен қамтамасыз етілген. Инвестициялық белсенділік нақты жобалармен бекітілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде шамамен мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашқан 25 жоба іске асырылды. Олар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік және логистика, жасыл энергетика, туризм және өзге де бағыттарды қамтиды. Осы жобалар арқылы экономика құрылымын әртараптандыруға және жергілікті еңбек нарығын кеңейтуге басымдық берілді. Мемлекеттік қолдау шаралары да нәтижесін беріп отыр. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы дерекке сәйкес, облыста 63 мыңнан астам шағын…
Гренландия жер шарындағы ең ірі аралдардың бірі әрі, табиғи ресурстар қоры бойынша да әлемдегі ең бай аумаққа жатады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұнда «жасыл» технологиялар үшін шешуші маңызға ие литий мен сирек жер элементтері, өзге де бағалы металдар мен минералдар бар. Соынмен қатар мұнай мен газды қоса алғанда, орасан зор көмірсутек әлеуеті шоғырланған. Гренландия неліктен құнды аймаққа айналды Ғалымдардың бағалауынша, аралдың қалың мұз қабатының астында жатқан сирек жер элементтерінің кемінде үш ірі кен орны әлемдегі ең ауқымды нысандардың қатарына енуі мүмкін. Олар аккумулятор өндірісі мен электр компоненттеріне қажет шикізат тұрғысынан жаһандық энергетикалық ауысымда маңызды рөл атқарады. Көмірсутек пен минералдық байлықтардың осындай…
Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін сақтау және газдан уланудың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар қолға алынғанын Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірдің барлық аудандары мен қалаларында «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері құрылуы тиіс еді. Алайда Жетісай, Мақтаарал және Бәйдібек аудандарында бұл мекемелер әлі құрылмаған, қазіргі таңда олар тек сектор ретінде жұмыс істеп отыр. Бұдан бөлек, облыста арнайы құрылған жұмыс топтарына жалпы саны 925 адам кірген. Жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Оның айтуынша, өрт және газ қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы жоспарлар бекітіліп, барлық қала-аудан әкімдіктеріне…
Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды қала аумағын көгалдандыру мәселелеріне арналған кеңес өткізіп, 2026 жылға дейінгі жасыл желекті дамыту жоспарларын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында негізінен көпжылдық ағаштар мен сәндік өсімдіктердің көлемін арттыруға, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және су үнемдейтін технологияларға басымдық берілді. Қала басшысы көгалдандыру жұмыстарының жаңа тұжырымдамасына тоқталды. Биыл биіктігі 5-6 метрге жететін 7,5 мың ірі ағаш, 38 мың стандартты көшет және 500 мыңнан астам көпжылдық бұта отырғызылады. Бұл жұмыстар Алматыдағы негізгі магистральдар бойында, қала кіреберістерінде, өзендердің жағалау аймақтарында және қоғамдық кеңістіктерде орналасқан 23 учаскеде жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар қалада тік көгалдандыруды дамыту және жасыл дәліздерді жаңарту жобаларына ерекше…










