Автор: Асылхан Бөрібай

Үкімет әлеуметтік төлемдер

Үкімет әлеуметтік төлемдердің өсуі инфляция қарқынынан артта қалғанын мойындады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, инфляция деңгейі 12 пайыздан асып кеткенімен, зейнетақы мен жәрдемақылар небәрі 10 пайызға өскен. Дегенмен, 2026 жылы әлеуметтік салаға бюджеттен 10,5 триллион теңге қарастырылып отыр. Мәжіліс кулуарында вице-министр бұл мәселені шешудің жолы ретінде әлеуметтік көмекті барынша мұқтаж отбасыларға ғана беріп, қалғандарын қысқартатынын атап өтті. «Иә, әлеуметтік төлемдер жалғасады. Бірақ қазір біз көмекті кімге беру керектігін жіті тексеріп жатырмыз. Әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж жандарға ғана берілуі керек. Қазір бұл салада жалған ажырасу, табысын жасыру, құжатты қолдан жасау сияқты теріс әрекеттер өте көп. Еңбек министрлігі…

Толық оқу
жаңа Салық кодексі

Қаржымин Мәди Тәкиев жаңа Салық кодексі салдарынан кәсіпкерлер жаппай шетелге кетеді деген алып-қашпа әңгімені теріске шығарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексі енгізілген соң бизнес Қазақстаннан басқа елдерге ауысып кетеді деген пікірлер негізсіз. «Жоқ, ондай жаппай көшу болмайды. Мұның бәрі қолдан құралған дақпырт деп санаймын. Басқа елдерде салық төмен, шарты жеңіл деп кім айтты? Ондағы салық шарттары да, айналым мөлшері де біздегімен шамалас. Айтарлықтай артықшылық жоқ», – деді Мәди Тәкиев Мәжілісте. Министр қазақстандық бизнес шетелге барып тіркелген күннің өзінде, кәсіпкерге қосымша салық міндеттемесі туындауы мүмкін екенін атап өтті. «Бизнес шетелге кеткен жағдайда да, салық төлеушінің тұрғылықты мекені, негізгі табыс…

Толық оқу
мобильді аударымдар

Қазақстанның салық органдары мобильді аударымдар мен салық төлемдерін толық бақылауға дайын. Биыл Қаржы министрлігі жаңа цифрлық жүйеге көшті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс журналистер сауалына жауап берген ҚаржыМин Мәди Тәкиевтің айтуынша, бұрынғы 14 бөлек ақпараттық жүйе бес негізгі жүйеге біріктірілген. Олар қазір бірыңғай «деректер көліне» жинақталып, шамамен 100-ге жуық мемлекеттік және ведомстволық база интеграцияланған. «Бүгінде мемлекеттік кіріс органдары әрбір салық төлеуші туралы толық ақпаратқа ие. Оның ішінде жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, банк есепшоттары барлығы бақылауда. Сонымен қатар, біз басқа мемлекеттермен де белсенді түрде ақпарат алмасып отырмыз. Қазір Қазақстан салық төлеушілері жайында 65 елден тұрақты деректер алып тұрамыз. Бұл ақпарат…

Толық оқу
whatsapp алаяқтық

Қазақстанда WhatsApp аккаунтын иемденудің жаңа алаяқтық әдісі пайда болды. Бұл әдіс SIM-картаны ауыстыруды немесе пароль бұзуды қажет етпейді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қарапайым функцияны пайдаланып, бөтен адамның аккаунтына заңды түрде қосылуға мүмкіндік береді. Бас прокуратураның дерегінше, әдіс «GhostPairing» («елес-қосылу») деп аталады. Оның мәнісі мынадай: пайдаланушыға WhatsApp немесе Facebook атынан жалған хабарлама келеді. Ішіндегі сілтеме ресми сервистің интерфейсіне өте ұқсас жалған сайтқа апарады. Алаяқтар сол сайт арқылы «қолжетімді растау үшін» телефон нөмірін және SMS арқылы келген кодты сұрайды. Осылайша олар өз құрылғысын пайдаланушы аккаунтына қосып алады. Бұдан кейін қаскөйлер жәбірленушінің барлық хат-хабарын, сурет-видеоларын, жеке нөмірлерін көріп, оның атынан хабарлама да жібере алады.…

Толық оқу
Экс-министр Қуандық Бишімбаев

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман алимент дауына қатысты жаңа мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Бишімбаев ортақ балаларына төленетін алимент сомасын азайту мақсатында сотқа шағым түсірген. Желідегі үндеуінде Назым Қахарман Жоғарғы сот әкелік құқығынан айыру туралы шағымын қараудан бас тартқан соң, Бишімбаев көп ұзамай алиментті қысқарту туралы арыз бергенін айтты. Экс-министрдің басты дәлелі «қаржылай мүмкіндігім бұрынғыдай емес» деген уәж болған. «Қуандықтың сөздері шындыққа жанаспайды. Менің адвокаттарым оның алдағы 15 жыл бойы алимент төлеуге толық мүмкіндігі барын ресми түрде дәлелдеп шықты», – дейді ол. Назымның сөзіне қарағанда, Бишімбаев төлемнен жалтару үшін мүлкін жасырын жолмен ересек ұлының атына аударып жіберген.…

Толық оқу
мемлекеттік құпияны білетін

Депутат Ермұрат Бапи мемлекеттік құпияны білетін бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заң жүзінде шектеуді ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың пікірінше, биліктен кеткеннен кейін кейбір тұлғалардың сырт елге жиі баруы ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алаңдататын мәселе. «Мына жанталасқан жүріс-тұрыстың астарында не бар? Бұрын биліктің тұтқасын жалғыз өзі ұстаған, халыққа әмір жүргізген адамның қазір шетелді паналап, қамқоршы іздеуі оның абыройын асырмайды. Мұның елге немесе ұлтқа деген жанашырлық емес, жеке бас қамы екені анық байқалады. Сондықтан, бәлкім, мемлекеттік құпияны білетін бұрынғы президент, министр не басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заңмен реттейтін кез келген шығар? Әріптестер, заңгер-депутаттар, осы заңды ұсынуға қауқарымыз жете…

Толық оқу
Биыл «Болашақ» бағдарламасы

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша 225 қазақстандық грант иегері атанды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Халықаралық бағдарламалар орталығы жариялаған тізімге сәйкес, грант иелерінің басым бөлігі магистратурада оқитындар. Биыл олардың саны – 152. Докторантура бағыты бойынша 16, ал кәсіби тағылымдамаға 57 азамат аттанбақ. Грант иегерлерінің 70 пайызы техникалық және жаратылыстану мамандықтарын таңдаған. Қалған 30 пайыздан астамы гуманитарлық бағыттарда білім алады. Сондай-ақ, биыл 182 қазақстандық ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Мұндай бағдарламалар елдегі ғылым мен өндіріс саласын озық технологиялармен қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие. Айта кетейік, бағдарлама алдағы уақытта кеңейтілмек. 2026 жылдан бастап жасанды интеллектіні тәжірибе жүзінде қолданатын мамандарды даярлауға арнайы бағыт ашылады. Бұдан бөлек,…

Толық оқу
Кремль көсемі Владимир Путин

Кремль көсемі Владимир Путин экс-елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кремльдің баспасөз қызметі таратқан видеода Путин мен Назарбаев даңғарадай дөңгелек үстел басында әңгімелесіп отыр. Ресей басшысы Әбішұлымен биыл мамыр айында ғана жүздескен болатын. Сол жолғы кездесу туралы сенат спикері Мәулен Әшімбаев пікір білдіріп, Назарбаевтың әлдеқашан пенсияға шыққан, елдің ішкі-сыртқы саясатына Тоқаевтың жауап беретінін айтқан. Қазақстан президенті өткен айда ғана Ресейге екі күндік сапармен барып қайтқан еді. Путин Тоқаевқа риза болып, кейіннен кешкі шәйға шақырған. Путиннің пәтеріндегі протоколсыз кешке біз жеке тоқталғанбыз. Жалпы әр желтоқсан сайын Мәскеуге ұшып кету Назарбаевтың сүйікті әдеті. Саясаткер Әміржан Қосановтың айтуынша экс-елбасы мен Кремль басшысының…

Толық оқу
APEC PetroTechnic колледжі

«APEC PetroTechnic» жоғары колледжі Қытайдың жетекші оқу орындарымен жасанды интеллект пен өндірістік білім беру саласында кең ауқымды серіктестік орнатты, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық байланыс экономикалық бағыттан бөлек, адами капиталды дамыту, кәсіби мамандарды даярлау салаларына қарай да кеңейе бастады. Осы орайда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Қытайға жасаған жұмыс сапары аясында маңызды кездесулер өтті. Чжэцзян провинциясының басшылығы және ірі өнеркәсіптік компания өкілдерімен кездесуде машина жасау, автокөлік өндірісі мен заманауи технологиялар бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Жоғары деңгейдегі кездесулерден соң кәсіптік-техникалық білім беру саласында нақты қадамдар басталды. «APEC PetroTechnic» колледжінің директоры Асылбек Нұрмышев бастаған делегация Қытайдың «Zhejiang…

Толық оқу
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин

Премьердің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елдегі салық реформасына жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, реформаның жалпы үйлестіру жұмыстары тікелей өз бақылауында, себебі үкіметте экономикалық әрі қаржылық саясатқа жауапты тұлға өзі. Ол қоғамда айтылып жүрген «реформаның әкесі» деген бейресми атауға да қарсы емес. «Реформа үшін кім жауап береді деген сұрақтың жауабын өткен жолғы брифингте айтқанмын. Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Әріптестерім де өз саласы бойынша жауап береді. Жалпы үкіметтегі экономикалық саясатқа жауапты болғандықтан, менің міндетімде. Біреу мені «салық реформасының әкесі» деп атапты. Солай-ақ болсын. Біз бұл реформаның табысты боларына сенеміз және оның нәтижесіне күмәніміз жоқ. Бұл ма,…

Толық оқу