Автор: Асылхан Бөрібай

Ақтаудағы жағымсыз иіс

Маңғыстау облысының экология мамандары Ақтаудағы жағымсыз иіс қайдан шыққанын әлі де анықтай алмай жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін жергілікті тұрғындар 15 желтоқсан күні түнгі 23:00 шамасында қала ауасын өткір әрі тұншықтыратын иіс басқанын айтқан болатын. Олардың сөзінше, ауада мұнай өнімдеріне ұқсас иіс қатты сезілген. 16 желтоқсанда Маңғыстау облысының экология департаменті табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, қала және оған жақын елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасын тексеруге кірісті. Мамандар ауа сынамаларын «Рекон-Ақтау», «Oil Transshipment», «ҚазАзот» кәсіпорындарының, «КАЗпол» ЖШС аумағы мен 6/114 өндірістік аймағында жүргізді. Экология департаментінің мәліметінше, зертхана нәтижелері бойынша алынған сынамаларда ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асу деректері анықталмаған. Қазір…

Толық оқу
ауа райының күрт бұзылуына байланысты

17 желтоқсан күні Астанада ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0–6 сынып оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы мәлімдеді. Елордада ауа райының нашарлауына байланысты бұған дейін дауылды ескерту жарияланған болатын. Қалада қар жауып, бұрқасын көтеріледі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні түнде және таңертең секундына 15-18 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы күндіз де, түнде де -15-17 градус шамасында болады.

Толық оқу
есте сақтау мен ойлау қабілетін

Қартайғанда қоғамнан оқшауланып, қарым-қатынасты азайту есте сақтау мен ойлау қабілетін айтарлықтай төмендетеді. Сент-Эндрюс университетінің ғалымдары осындай ұйғарымға келді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ғылыми зерттеу нәтижесі The Journals of Gerontology: Series B журналында жарияланды. Мамандар 14 жыл бойы АҚШ-тағы 30 мыңнан астам ересек тұрғындар тапсырған 137 мыңға жуық когнитивтік тест нәтижесін талдаған. Зерттеуде қоғамнан алшақ өмір сүріп, түрлі клубтар мен қоғамдық іс-шараларға қатыспаған адамдардың есте сақтау қабілеті жылдам төмендейтіні анықталды. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс жалғыздық сезімімен тікелей байланысты емес. Шешуші рөлді әлеуметтік ортада белсенді болу және тұрақты қарым-қатынас жасау атқарады. Мұндай оң әсер адамның жынысына, біліміне және әлеуметтік деңгейіне де тәуелді емес.…

Толық оқу
3I/ATLAS атты аспан денесі

3I/ATLAS атты аспан денесі санаулы күнде Жерге барынша жақындайды. Қазір ғалымдар осы нысанның ең жақын келу уақытын дәл есептеп шығарды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Есептеулер бойынша, аспан денесі Жерге ең қысқа қашықтықтан 2025 жылдың 19 желтоқсаны күні өтеді. Мәскеу уақытымен таңғы сағат 07:00-де (Астана уақытымен 09:00 шамасында) планетаға жақындайды. Қазіргі уақытта 3I/ATLAS Жермен синхронды қозғалыс фазасында тұр. Осы себепті 22 желтоқсанға дейінгі бір апта бойы аспан денесі мен Жер арасындағы қашықтық шамамен жарты миллион шақырым деңгейінде өзгеріссіз қалады. Одан кейін бұл ғарыштық нысан планетадан тез алыстай бастайды. Бұл туралы Ресей Ғылым Академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы хабарлады. «Қазір 3I/ATLAS…

Толық оқу
қосымша әуе рейстері

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында сұраныс артатын бірқатар бағытқа қосымша әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев өткізген жиында осы мәселенің жай-жапсары талқыланды. Мәжіліске Air Astana, FlyArystan, SCAT, VietJet Qazaqstan әуе компаниясы және Астана мен Алматы әуежайының басшылығы қатысты. Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша ашылады: Астана – Алматы, Алматы – Орал, Алматы – Семей, Астана – Түркістан, Астана – Ақтөбе, Алматы – Ақтау, Алматы – Ақтөбе және Астана – Шымкент. Жаңа жылдық демалыс кезінде Астана мен Алматы әуежайсында жолаушылар құқығы мен рейстің уақытылы орындалуын бақылайтын арнайы топтар жұмыс істейді. Сонымен қатар, қысқы ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, әуекомпаниялар…

Толық оқу
hose-antonio-kast-zhengdi

Чилиде президент сайлауының екінші турында консерватив саясаткер Хосе Антонио Каст жеңіске жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми нәтижеге сай ол 58 пайыздан аса дауыс жинаған. Сайлау 2025 жылғы 14 желтоқсанда өткен, қарсыласы солшыл кандидат Жаннетте Хара болғаны хабарланды. Касттың өмірбаяны Чили саясатындағы көп әңгіменің өзегіне айналғанын білеміз. Батыс ақпарат құралдары оның әкесі неміс текті, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңімен байланысты тұлға болғанын, кейін отбасы Латын Америкасына қоныс аударғанын жазады. Осы деректер қоғамда әртүрлі пікір туғызады, біреулер үшін ол өткеннің көлеңкесі, біреулер үшін тек өмірбаянның даулы бөлігі болып көрінуі мүмкін. Ал саясаттағы бағыты анық. Каст сайлау науқанында қауіпсіздік, қылмысқа қарсы қатаң шара, миграцияны…

Толық оқу
Желтоқсан оқиғасына 39 жыл толды

Бүгін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 39 жыл толды. Тарих үшін қас-қағым сәт, ал халық жадында бір адамның ғұмырына пара-пар уақыт. Десе де, көп сауал әлі жауапсыз күйде, деп жазады Ertenmedia.kz. Желтоқсан неге бұрқ етті? Бұдан кім ұтты? Шеруге шыққан жастар қалай басып-жаншылды? Қанша адам құрбан болды, қаншасы жараланды? Олардың есімдері қашан ашық аталады? Сол қанды шешімді қабылдаған кімдер? Ел басқарған тұлғалар тарихи жауапкершілікті қашан сезінеді? Халық әлі күнге дейін Қонаевтың қызметтен қалай алынғанын ұмытқан жоқ. Мәскеудің нұсқауымен, ел пікірімен санаспай, Қазақстанға мүлде қатысы жоқ Колбинді әкеліп отырғызғаны да есте. Ертеңіне студент жастар алаңға шықты. «Мені осы жылдар бойы мазалаған бір…

Толық оқу
Астана мектептері

Астанада халық саны жыл сайын өсіп жатыр, ең алдымен Есіл мен Нұра жақтағы жаңа үйлер көбейді. Соған сай мектеп мәселесі де күн тәртібінен түспей келеді. «Келешек мектеп» ұлттық жобасы осы түйінді нақты сандармен шешіп беруде, деп жазады Ertenmedia.kz. 2024-2025 жылдары елордада екі ауысымға арналған 23 мектептің құрылысы аяқталды. Жалпы сыйымдылығы 84 800 оқушы орнын құрайды, яғни бірнеше ірі шағынауданның баласын бірден қамтитын көлем. 2024 жылы 16 мектеп толық ашылды, ол екі ауысымда 56 800 балаға орын берді. Нәтижесінде қаладағы 6 мектепте үш ауысымды оқу толық тоқтады, тағы 9 білім ордасында сыныптардың тығыздығы біршама төмендеді. 2025 жылы қосымша 7 мектеп пайдалануға…

Толық оқу
Шымкентте үй берді

Шымкентте «Жасыл балқа» ауданын жаңғырту жұмысы жоспарға сай жүріп жатыр. Тәуелсіздік күні қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтердің кілтін 20 отбасыға табыстады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін бұл адамдар Транспортная, 5 және Нұрлыбаева, 2 көшелеріндегі ескі үйлерде тұрған. Енді олар таза, дайын күйдегі жаңа баспанаға көшеді. Қаладағы жаңғырту деген сөз құр қағаздағы жоспар болып қалмауы керек. «Жасыл балқа» бойынша жұмыс та соны көрсетіп отыр. Ауданнан кезең-кезеңмен көшіру жүргізіліп, тұрғындарға жағдайы бар, жөндеуі аяқталған пәтер ұсынылуда. Бастама басталғалы бері осы ауданнан 103 отбасы көшірілген. Олар «Шымкент Сити» мен «Тұран» шағынаудандарынан пәтер алғанын айта кетуіміз керек. Берілген үйлердің ішкі әрлеуі бар,…

Толық оқу
twrkiya-gharysh-ajlaghyn-salwdy-bastady

Түркия Сомалидегі мұхит жағалауына жақын жерден алғашқы ғарыш айлағының құрылысын ресми түрде бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Baykar компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Селчук Байрактар Стамбұлда өткен Take Off технологиялық форумында мәлімдеді. Айтылған дерекке қарағанда, жоба тек Түркия үшін ғана емес, жалпы аймақтық деңгейде де салмақты бастама саналады. Байрактардың айтуынша, ғарыш айлағын салу үшін теңізге жақын аумақтың маңызы зор. Зымыран-тасығыштарды ұшыру кезінде қауіпсіздік пен тиімділік осы факторға тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Сомалидегі 30 шақырымға 30 шақырым болатын аумақ Түркия үшін таптырмас мүмкіндікке айналған. Әлемде мұндай талапқа сай келетін бар болғаны он екі ғана орын бар. Солардың бірін Түркия өз…

Толық оқу