Автор: editor

Алматыдағы Райымбек батыр даңғылындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты кей көшелерде жарық сөндіріледі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қала әкімдігінен мәлім еткендей, осы аптада Райымбек батыр даңғылында мынандай жұмыстар қолға алынды: Ескі жабындыны алу, тротуар бойына жиектас пен гранит жиектас орнату; Тас төсеу және арық науаларын орнату; Суару және көше жарықтандыру жүйелері үшін траншеялар дайындау; Көгалдандыру, жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолақтар салу. «Барлық жұмыс даңғылды жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған: орындықтар орнатылып, жарық тартылып, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылмақ. Бұл тұрғындар үшін, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де қолайлы», — деп атап өтті әкімдіктен. Жөндеу жұмыстары барысында Сейфуллин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейінгі…

Толық оқу

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері соңғы кезде шарықтап кетті. Кейбір операторлар қызмет құнын бірден екі есеге – 3 мыңнан 6 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген. Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев бұған түсініктеме берді деп жазады Ertenmedia.   Министрдің айтуынша, тарифтердің көтерілуіне инфляция және операторлардың өз желілерін дамытуға құйып жатқан инвестициясы себеп болған. «Бағаның біртіндеп өсуі орынды… Себебі инфляция бар, компаниялар желілерін дамыту үшін инвестиция құюда. Ең бастысы, операторлар арасында бағаға қатысты заңсыз келісімдер (монополиялық сөз байласу) болмауы керек», – деді министр. Мәдиев жалпы алғанда, байланыс тарифтері қымбаттағанымен, бір гигабайт интернет-трафиктің бағасы керісінше төмендегенін атап өтті. Сондай-ақ, ол тарифтердің көтерілуі барлық абонентке бірдей…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгінде ұзындығы 4 шақырымнан асатын Көшім су каналының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Су қоймасының бөгеті 84%-ға жөнделді — шамамен 1,5 шақырым бөлігі қайта жаңартылды. Су жіберу каналының жөндеу жұмыстары 69%-ға, ал Первомай магистральды каналының жөндеу жұмыстары 66%-ға орындалды. Су қоймасындағы бақылау-өткізу бекеттері мен электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы 80%-ға аяқталды. Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл соңына дейін Киров су қоймасындағы барлық жөндеу жұмысын толық аяқтауды жоспарлап отыр. Жобаның жүзеге асуы Киров су қоймасының сенімділігін арттырып, тұтынушыларға суармалы судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз…

Толық оқу

Биыл наурыз айынан бастап елордадағы Есіл ауданында аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2024 жылы Есіл ауданында 9 аула жаңартылды. Аталған аулаларда ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары, жаңа ойын кешендері, воркаут-аймақтар орнатылды. Тағы 49 аулада жөндеу жүргізілді. 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында алты аула абаттандырылады. «Жобаларды іске асыру барысында тұрғындардың ұсыныстары ескеріледі. Бұл процесте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының рөлі ерекше», – деді Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы. Қалалық кеңістіктерді абаттандыруға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Өткен жылы ауқымды жұмыс Ботаникалық бақта жүргізілді: көпірлер қайта сырланды, веложолдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері жаңартылды, жарықтандыру қалпына…

Толық оқу

Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы сот ісінде жәбірленуші тараптың адвокаттары арасындағы дау жалғасып жатыр деп жазады Ertenmedia.  Істен шығып қалған адвокат Бағдат Амандосұлы бұған дейін «істі біреу жеке атақ-дақпырты үшін пайдаланып жүр, мен сол үшін шеттетілдім» деп мәлімдеген. Адвокаттар тобының жетекшісі Мейірман Шекеев әріптесінің сынына дереу жауап берді. Мейірман Шекеевтің айтуынша, әріптесі Бағдат Амандосұлы сот процесіне немқұрайлы қараған. «Сот процесі жүріп жатқанда, ол концерт аралап, өз шаруасымен жүрді. Өзіне жүктелген тапсырмаларды орындамады. Жауапкершілік жүгін түсінбеді. Істің мүддесіне қайшы әрекет жасады. Оған бірнеше рет ескерту жасадым. Бұған нақты дәлелдер бар. Амандосұлын топқа өзім шақырған едім, енді өкініп отырмын», – деді Шекеев.…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР-дың экологиялық шешімдер саласындағы халықаралық көшбасшыларының бірі – «CITIC Environment Investment Group» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Болашақта бұл әріптестік кәріздік тазарту нысандарын жаңғыртуға, қалдықтармен жұмыс істеу саласына жаңа технологияларды енгізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың тұрақты үлгілерін іске асыруға бағытталған. Екі елдің мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын бұл ынтымақтастық экологиялық қауіпсіздік пен шығысқазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға тағы бір қадам болмақ», – деді облыс әкімі. Ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде өңір орталығында пилоттық жоба – Сол жағалаудағы кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін…

Толық оқу

Астана халықаралық форумы дүниежүзіне Қазақстанда жаһандық транзиттік хаб пен келіссөздер алаңына айналған жетекші ел екенін танытты. Бұл форум елдің ішкі мазмұнын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар ішкі жүйені халықаралық модульдерге бейімдейтін геостратегиялық интерфейске айналды десек артық айтқандық болмас еді. Көпшілік форумды әлі де мәдени-көпшілік іс-шара немесе пікір алмасу платформасы деп бағалайды. Бірақ бұл – ескірген түсінік. Шын мәнінде, Астана халықаралық форумы – soft power элементтерінің ішкі интеграциясы, парадипломатиялық тактика, инвестициялық иірім, әрі посткеңестік кеңістіктегі бейтарап аймақтық лидерлікті заңдастыру тетігі. Мұндай механизмдер қазіргі заманда тек сөз жүзінде емес, капитал айналымында және технологиялар трансферінде өлшенетіні белгілі. Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы саясатының векторы…

Толық оқу

Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасын іске асыру аясында Алматы облысының Талғар ауданындағы бірқатар мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған арнайы оқу сабағы енгізіледі. Жобаны жүзеге асыру мәселелері Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаевтың өңірге жұмыс сапары барысында өткен кеңесте талқыланды. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында «Қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», – деген болатын. Құқықтық сана мен тәртіпке құрметті қалыптастыру бала кезден…

Толық оқу

«Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында Риддер қаласында 600 орындық №12 жалпы білім беретін жаңа мектеп ашылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Ұлттық жоба – бұл жай ғана жаңа ғимараттар емес, бұл – балалардың сапалы білім алып, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуына арналған білім беру кеңістігін қалыптастыру», – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов. Ол мектеп оқушыларына тиімді оқу процесі үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Бұл мектеп апатты жағдайдағы бұрынғы №12 (1935 жылы салынған) және №9 (1938 жылы салынған) мектептердің орнына салынған. Қазіргі уақытта жаңа мектепте 530 оқушы білім алуда. Жаңа мектептің жалпы ауданы стандартты нормадан 20% артық, бұл оқу кабинеттері мен…

Толық оқу

2025 жылғы 27 мамырда Қарағанды қаласында QAZPROPERTY коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының қатысушылары қауымдастығының ұйымдастыруымен іскерлік кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – Ассоциацияның даму келешегі мен Қарағанды облысының бизнес-қоғамдастығымен диалогты нығайту мәселелері болды, – деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Іс-шараға «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасының өкілдері, девелоперлер, коммерциялық жылжымайтын мүлік нысандарының иелері мен басқарушылары, сондай-ақ QAZPROPERTY қауымдастығының мүшелері мен серіктестері қатысты. Қатысушылар коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе өңірлік ерекшеліктер, жаһандық үрдістер және тұрақты әрі кәсіби саланы қалыптастырудағы Ассоциацияның стратегиялық рөлі сөз болды. Сонымен қатар заңнамалық реттеу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және саланың мүдделерін ұлттық деңгейде ілгерілету мәселелеріне ерекше назар…

Толық оқу