Автор: Асылхан Бөрібай

Зәмзагүл Файзолланова көпшілікке Бопай лақап атымен танымал спортшы. Ол – дзюдо, қазақ күресі, ережесіз жекпе-жек сияқты үш спорттың шебері ғана емес, аяулы жар, үш баланың анасы, екі жоғары білімі бар әскери қызметкер. Спорт күніне орай BAQ.KZ тілшісі спортшымен сұхбаттасты. – Зәмзагүл, спортқа қалай келдіңіз? – Мені спортқа 8 жасымда әкем алып келді. Әкем – самбо, қазақ күресі, сумо, дзюдо сияқты күрес түрлерінен спорт шебері. Сол себепті кішкентайымнан спортқа деген қызығушылығым қалыптасты. Басында гимнастика, жеңіл атлетика, жүзумен айналыстым, кейін дзюдоға келдім. Басында бұл да уақытша деп ойладым, бірақ дзюдоны шын ұнатып қалдым. Бар болғаны бір ай дайындалып, алғашқы жарысымда екінші орын…

Толық оқу

Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысында қысқы спорт түрлері жаңа тыныс алып, қарқынды дами бастады деп жазады Ertenmedia. Қазір облыста шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы спорты, шайбалы хоккей және допты хоккей бойынша жас спортшылардың жаңа толқыны өсіп келеді. Осы бес спорт түрі өңірдегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі бағыттарына айналған. Қазіргі таңда қысқы спорт түрлерінен Ақжайық өңірінде 500-ге жуық бала жаттығады. Атап айтсақ, шорт-тректе 125, допты хоккейде 131, шайбалы хоккейде 96, шаңғы спортында 73, ал мәнерлеп сырғанауда 53 жас өрен бағын сынауда. Бұлардың арасында 3 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 12 ҚР спорт шебері, 21 спорт шеберлігіне кандидат бар. Бұған қоса, жас буын қатарында…

Толық оқу

Бүгінде өңірде 1563 спорт нысаны жұмыс істейді. Соңғы екі жылда 36 спорт алаңы, 3 хоккей корты салынды. Ауылдық жердердегі спорт инфрақұрылымын дамытуы да басты орында. Осы күнге дейін Бөрлі ауданында бір заманауи спорт манежі және 8 спорт кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын дамытуға жеке кәсіпкерлер де үлес қосуда. Мәселен, Орал қаласында 2 спорт кешені, Бөрлі ауданында кәсіпкерлер қолдауымен спорт манежі салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдың соңында «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржысына көпсалалы спорт-сауықтыру кешені іске қосылды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді орта құру мақсатында «Жастар» стадионы маңында арнайы спорт кешенінің құрылысы аяқтала келді. Оның ашылуы 2025 жылдың тамызына жоспарланған.…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданындағы ірі кәсіпорындарды аралап, жоспарларымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Ең алдымен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-не арнайы барып, заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттырған инвестициялық жобаның тиімділігін көзбен көріп, кәсіп иелерімен кездесті. Жобаны «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мен  «Түркістан» ӘКК» АҚ бірлесе жүзеге асырылуда. Бірегей жоба заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын қалыптастыруды, соңғы үлгідегі мақта өңдеу зауыттарын, тамшылатып суару таспаларын шығаратын өндіріс орнын және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды қамтиды. Аралау барысында Ертай Кенжебекұлы жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету,…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Отырар ауданына  жұмыс сапарымен барып, қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытында көшпелі отырыс өткізді. Жиында тұрақтылықты сақтау, ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси ахуалды жақсарту бағытында келелі ойлар мен ұсыныстар айтылды. Жиын барысында Ертай Кенжебекұлы Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге алып, халықпен тығыз байланыс орнату және көтерілген мәселелерді дер кезінде назарға алып, заң аясында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру керектігін атап өтті. Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Жұмашбеков пен Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов баяндама жасады. Жиынды қорытындылай келе облыс әкімінің орынбасары  алда тұрған бірқатар міндеттерді атап өтіп,   ел бірлігін нығайту жолында…

Толық оқу

Биыл ҚР Мемлекеттік Әнұранның авторы, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек ері, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл! Осыған орай туған жері Отырарда «Әнім сен едің» атты концерт өтті. Салтанатты жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, тарихи өңірде бастау алған бүгінгі өнер кешінің маңызы жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбек және Шәмшінің қарындасы Райхан Домбаевалар Отырар өлкесінде дүниеге келіп, қазақ даласын әнімен тербеткен ұлы композитордың әндерін насихаттауға бағытталған шараның ұйымдастырушыларына алғысын айтты. Алдымен қонақтар орталық алаңдағы ұлы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Содан соң жиналған көпшілік Шәмші музей-үйі ұсынған жәдігерлермен…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының халқымен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және әлеуметтік мәселелерді шешу сынды негізгі тақырыптарды қозғады,- деп хабарлайды Ertenmedia Аймақ басшысы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуда жалпы оң динамика байқалатынын атап өтті. Жұмыссыздық деңгейі 4,6% болған жағдайда мұнда 10 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Ал орташа айлық жалақы шамамен 9%-ға өсіп, 407 мың теңгені құрады. Жергілікті тұрғындарға Нұрымбет Сақтағанов келесідей мәлімдеді: «2029 жылға дейін Күршім ауданының дамуына 28,3 млрд теңге бюджет қаражаты мен 19 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл аймақтың туристік әлеуеті жоғары, сондықтан оны дамыту…

Толық оқу

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп, егін жинау барысымен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды,- деп хабарлайды Ertenmedia Пресс-тур қатысушылары тиімді егіншілік, мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдалану және өндіріске инновацияларды енгізудің табысты үлгілерін көрсетіп жүрген екі ірі шаруашылық — «Темте» ЖШС және «Агропарасат» ЖШС-не барды. 2025 жылы «Темте» 14 мың гектар алқапқа егін ексе, оның 8 мың гектарын — дәнді дақылдар, 4 150 гектарын — майлы дақылдар, 900 гектарын — бұршақ тұқымдастар, 950 гектарын — мал азығы дақылдары құрады. Дәнді дақылдар алқаптарын 40%-ға қысқарту есебінен майлы дақылдар егісін екі есе арттыруға мүмкіндік туды. «Биыл біз 45 тонна элиталық…

Толық оқу

ERG (Eurasian Resources Group) Қазақстан бюджетіне рекордтық көлемде – 365 миллион доллар дивиденд төледі деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл 2013 жылы компания Лондон қор биржасынан кеткеннен бергі мемлекетке жасаған ең ірі төлем. Мұндай ауқымды ақша аударымы ел ішінде ERG-дің болашағы туралы жүріп жатқан алып-қашпа әңгімені сап тыйып және акционерлер арасындағы тартысқа қарамастан, компанияның ұлттық экономика үшін маңыздылығын дәлелдеп отыр. ERG-дің мемлекетке аударатын төлемі бұған дейін де аз болған жоқ. Компанияға қарасты құрылымдардың салықтық аударымдары тек соңғы бір жыл ішінде ғана 312 миллиард теңгеге жеткен. Ал 2015 жылдан бастап ERG бюджетке 109 миллиард теңге салық төлеген. Биылғы 365 миллион доллар дивидендтің түсуі…

Толық оқу

Маңғыстау облысында бой көтерген теңіз суын тұщыту зауыты Жаңаөзен қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ете бастады деп жазады Ertenmedia. Осылайша өңірде көптен бері өзекті болып келген ауыз су мәселесі оң шешімін тауып, Астрахан – Маңғышлақ магистральді су құбырының да жүктемесі біршама азаяды. Президент Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған ауқымды әлеуметтік жобаны «ҚазМұнайГаз» компаниясы жүзеге асырып отыр. Қазірдің өзінде зауытта тәулігіне 12 500 текше метр су өндіретін алғашқы өндірістік желі іске қосылды. Қазан айына дейін бұл қуатты тәулігіне 50 мың текше метрге дейін арттыру көзделген. Алғашқы зертханалық сынамалар судың санитарлық-гигиеналық нормаларға толық сәйкес келетінін растады. Теңіз суы…

Толық оқу