25 тамызда Бейжіңде ШЫҰ-ның гуманитарлық алмасу-2025 бойынша «Үйлесімділік пен бірлік: болашақты бірге жасаймыз» форумы өтті. Форум жұмысына Қазақстан Президенті Телерадиокешені делегациясы қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia. Іс-шарада БАҚ-тың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының гуманитарлық күн тәртібін ілгерілетудегі, елдер арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік пен өзара түсіністікті нығайтудағы рөлі талқыланды. Жасанды интеллект, үлкен деректер және заманауи коммуникацияларды өзгертетін мультимедиялық форматтарды қоса алғанда, жаңа технологияларға ерекше назар аударылды. Форумда «Silk Way Star» халықаралық музыкалық шоуының ашылу салтанаты өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл ҚР Президенті ТРК мен Қытай CMG медиа корпорациясының бірлескен жобасы. Медиа форум жұмысына қатысқан ҚКП ОК насихаттау бөлімінің меңгерушісі Ли Шулей шағын құрамдағы кездесуде «Silk…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) «ҚСЗИ GPS: GYLYM. PIKIR. SAYASAT» ұлттық сараптамалық алаңының отырысын өткізді. Отырыс Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналды. Іс-шара барысында Ата заңның елдің саяси жаңғыруындағы және демократиялық институттарды нығайтудағы маңызы талқыланды. Әсіресе 2022 жылғы конституциялық реформаға ерекше назар аударылды. Оның нәтижесінде Конституцияның үштен бірі жаңартылып, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттіктері кеңейтілді, Конституциялық Сот құрылды, сондай-ақ Президент өкілеттігі бір мерзіммен шектелді. Бұл өзгерістер қазақстандық мемлекеттіліктің және саяси жүйенің дамуының маңызды белесі болды. Шара барысында ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен…
Былтыр Еңбекшіқазақ ауданында пышақ жарақатынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынады, деп хабарлайды Ertenmedia. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі бұл істі толық бақылауға алып, отбасыға баспана салып беру үшін демеуші тапқан. Құрылыс жұмыстары мен қажетті материалдың барлығы осы демеушінің есебінен төленуде. Ал аудан әкімдігі үйдің сапалы салынып, мерзімінде аяқталуын қадағалап отыр. Жаңа баспананың құрылысы қазан айының ортасында толық аяқталады. Осыдан кейін отбасы жаңа, жайлы үйге кіріп, қоныс тойын тойлайды. Еске сала кетсек, 2024 жылдың 4 қазанында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Бұл іске қатысты 11 адам ұсталып, биыл 5 маусымда Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық…
Бауыржан Байбектің әпкесі Айгүл Байбекке тиесілі «Aray Media Group» компаниясының бухгалтері Ризагүл Махметова 281 млн теңге жымқырды деген айыппен 7 жылға сотталды. Алайда оның жақындары бұл істің артында ықпалды әулеттің есебі жатыр деп санайды, деп хабарлайды Ertenmedia. Елордада өткен баспасөз жиынында сотталған бухгалтердің әпкесі Мөлдір Аманжолова істің астарында Байбектер әулетінің ықпалы мен қаржылық мүддесі барын ашық айтты. «Менің әпкем Ризагүл қатардағы бухгалтер, екі баланың анасы. Ол басшылықтың тікелей тапсырмасымен жұмыс істеді. Барлық қаржылық операцияларды компанияның директоры Мәдина Әбішева мен құрылтайшысы Айгүл Байбектің нұсқауымен атқарған. Алайда әпкемді аяқастынан миллиондаған ақша жымқырған қылмыскер етіп шығарды», – дейді Мөлдір Аманжолова. Оның айтуынша, мәселе…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруді, үш ауысымды оқытуды жоюды және оқушы орындарының тапшылығын шешуді Үкіметке нақты тапсырған еді. Осы мақсатта елімізде қолға алынған «Келешек мектептер» ұлттық жобасы Алматы облысында жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі білім беру саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. «Президенттің тапсырмасына сәйкес, басты міндетіміз – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Облыс бойынша 24 900 орындық 26 «Келешек мектептің» құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 10 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған нысандар да оқушыларға есігін айқара ашады. Соның…
Алматы облысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өңірде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға биылдың өзінде 1 млрд 021 млн теңге бөлінді. Бұған қоса, мектеп кітапханаларын заманауи форматқа көшіруге 193,1 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев дәстүрлі тамыз кеңесінде баяндады. Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Кеген ауданындағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Жүнісбай Қаипов атындағы орта мектепте «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде мектептердің инфрақұрылымы жаңартылып, ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге арналған бағдарламалар іске қосылды. Бұл ауылдық мектептердің мүмкіндігін арттырып, қала мен ауыл арасындағы білім сапасын теңестіруге мүмкіндік бермек.…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев 2024 жылы қабылданған білім сапасын арттырудың «Жол картасы» аясында «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп қолға алынған «Табысты 50 мектеп» жобасы алғашқы нәтижелерін беріп жатқанын айтты. Әкімнің айтуынша, аталған мектептерде оқушылардың жаратылыстану пәндері бойынша білім сапасы 4-тен 12 пайызға дейін артқан. Сондай-ақ, 17 оқушы республикалық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен. «Бұл – білім саласындағы нақты қадамдардың, педагогтерге көрсетілген әдістемелік және материалдық қолдаудың жемісі. Өңір мектептерінде жаңа тәсілдер енгізіліп, оқушылардың білім деңгейі артып келеді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз», – деді облыс әкімі. Жоба аясында 5 200 педагог негізгі және ілгері деңгейдегі біліктілікті арттыру курстарынан өтті.…
Қарағандыда дәстүрлі Тамыз кеңесіндекітап оқуды насихаттауға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты білім мен зияткерлік дамудың негізгі көзі ретінде нығайтуға бағытталған ауқымды «Кітап оқитын ұлт» мәдени-ағартушылық жобасытаныстырылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың III отырысында айтылған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда және Қазақстанды әлемдегі ең көп оқитын он елдің қатарына шығаруды мақсат етеді. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында халықтың әртүрлі топтарын кітап оқу мәдениетіне тартуға бағытталған байқау бастау алады. Байқау алты бағыт бойынша өткізіледі: — Кітап оқитын мектеп; — Кітап оқитын колледж; — Кітап оқитын университет; — Кітап оқитын педагог;…
Пасха мерекесі қарсаңында елорданың Достық үйінде Пасха жұмыртқаларын бояу және Пасха бәліштеріне қамыр жасау бойынша ерекше шеберлік сабағы өтті. Оған ерекше қажеттіліктері бар балалар мен түрлі этнос өкілдері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараны Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар Кеңесі ұйымдастырды. Балалар щетка, қарындаш, аппликациялар және басқа да сәндік материалдарды пайдаланып, Пасха жұмыртқаларын бояуды үйренді. Олар сондай-ақ Пасха бәліштеріне қамыр дайындауға қатысып, ерекше рецептерді үйренді. Мастер-класстың көркін түрлі тәттілер арттыра түсті. Олардың арасында мейіз қосылған Пасха бәліштері, сүзбе пасха торты және боялған жұмыртқалар бар. «Бұл керемет! Мен барша қазақстандықты Пасха мерекесімен құттықтаймын және оларға бақыт, жақсылық…
Батыс Қазақстан облысында болған соңғы оқиға қоғамға тағы да бір ескерту жасады. Қарапайым адамның өмір бойы жинаған қаржысы көз алдында қас-қағым сәтте жоқ болып кетуі мүмкін екені анық сезілді. Орал қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірінде орын алған жағдай – қазіргі заманның ең қауіпті құбылыстарының бірі болып тұрған интернет пен телефон алаяқтарының әдістерін айқын көрсетіп берді. Полицейлердің айтуынша, бір ер адам терминалдың алдында тұрып, телефонмен сөйлесіп, асығыс күйде мәлімет енгізіп жатты. Оның жүзінен қобалжу анық байқалған. Сол сәтті жіті байқаған тәртіп сақшылары дереу араласып, жағдайдың мән-жайын сұрай бастады. Әңгіме барысында белгілі болғаны – азамат бірнеше күн бойы белгісіз нөмірден қоңырау қабылдап…










