Автор: Асылхан Бөрібай

Қазақстанда отбасылық-кландық жүйе келмеске кетті. Президент Тоқаев мұғалімдердің дәстүрлі тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде осылай деп мәлімдеді хабарлайды Ertenmedia. Президент «Жаңа Қазақстанның» іргесін қалайтын мұғалімдердің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, оларсыз әділетті мемлекет құру мүмкін емес екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын атап өтті. «Елімізде отбасылық-кландық жүйенің дәуірі аяқталды. Мемлекеттік қызметте енді меритократия принципі лайықты әрі қабілетті азаматтарды көтермелеу жүйесі бекіп жатыр. Лауазымды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен маманның білімі мен кәсібилігі басты назарда болады. Қазір еркін ойлы, бәсекеге қабілетті жаңа буын өсіп келеді. Біз сапалы әрі әділетті қоғамға өттік. Алайда өзгерістерді жай ғана жариялап қою жеткіліксіз. Оларды…

Толық оқу

Шымкентте ірі көлемде ақша жымқырған Әуезов университетінің экс-басшыларына үшін үкім шықты деп хабарлайды Ertenmedia. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры міндетін атқарған Қайрат Нұрманбетов пен оның орынбасарлары және бірнеше кәсіпкерге қатысты атышулы істің үкімін жариялады. Оларға 2022–2024 жылдар аралығында жалған келісімдер арқылы оқу орнының бюджетінен 256 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылған еді. Тергеу материалдары бойынша, айыпталушылар заңсыз жолмен алынған ақшаны Mercedes, Lexus сияқты қымбат көлік пен Шымкенттің қақ орталығынан зәулім үй сатып алуға жұмсаған. Осылайша жалпы көлемі 254 миллион теңгені жеке басына жаратып жіберген. Сот талқылауында екі негізгі эпизод қаралды. Бірінші…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан триатлон федерациясының бас хатшысы Сергей Майермен кездесті. Басқосуда өңірде триатлон спортын дамыту, халықаралық, республикалық жарыстарды ұйымдастыру және Азия кубогын Түркістанда өткізу мәселелерін талқылады,- деп хабарлайды Ertenmedia Облыс әкімінің орынбасары облыста спорт саласы қарқынды дамып келе жатқанын айтып, соның ішінде триатлон спортына ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді. – Түркі елдерінің рухани астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіз! Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласына ерекше көңіл бөліп, қажетті қолдауды көрсетуде. Облыста осы бағытта тиісті жұмыстар жүруде. Триатлон – бұл үш циклдық спорт түрінен, яғни, жүзу, велоспорт және жүгіруден тұратын қиын спорт түрі. Өңірде бұл спорт түрі белсенді дамып…

Толық оқу

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда,- деп хабарлайды  Ertenmedia Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2 қыркүйекке (қоса алғанда) дейін сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады. Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсету. Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды. Техникалық ақаулардың орын алуына байланысты өтінімді жаңадан құрылған premiya2025@cisc.kz  электрондық мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз. Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша білуге болады. Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша…

Толық оқу

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасын іске асыру аясында Түркістан қаласында ақпараттық-насихаттық кездесу өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia «Достық керуені» жобасының мақсаты – өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік мүшелерінің халықпен кездесулер өткізуі, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу үшін жастар, мәдени және басқа да құрылымдар нысанындағы диалог алаңдарының жұмысына қатысу. Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімі, Ассамблея жастары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері, этнос жастары қатысты. «Достық керуенінің» спикері Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы« Қоғамдық келісім» КММ-нің басшы орынбасары Ерназар Баетов қатысушыларға елдің бірлігі мен татулығы, этносаралық татулықты сақтау бағытында сөз сөйлеп, достық негіздерін…

Толық оқу

Бүгін Түркістандағы «Достық үйі» ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жоспарына сәйкес, «Салауатты сана» жобасы аясында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Бес нәрседен қашық бол» тақырыбында іс-шара өтті,- деп хабарлайды  Ertenmedia Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің  төрайымы Гүлсара Тоққұлова модераторлық етті. Іс-шараға облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің  қызметкерлері қатысты. Салауатты сана – ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 33 сессиясында сөйлеген сөзі негізіндегі қауіпсіз өмір сүру  үшін арылу керек…

Толық оқу

Семей тұрғындары автосалоннан су жаңа күйінде сатып алған Jetour маркалы көліктерінің көп өтпей істен шыға бастағанын айтып, шағым түсіруде, деп хабарлайды Ertenmedia. Олардың айтуынша, автосалон өкілдері мәселені түбегейлі шешудің орнына «сәл күтіңіз», «тез жөндейміз» деген сылтаумен уақыт созып, жауапкершіліктен жалтарып отыр. Jetour X70 моделін сатып алған семейлік тұрғындардың бірі көлігін небәрі 9 мың шақырымдай ғана жүргізген кезде ақау шыққанын жеткізді. «Бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін де көлік 6 600 шақырым жүрген соң бұзылған еді. Автосалон 200 мың шақырымға дейін кепілдік бергенімен, жаңа көлік 9 100 шақырымда қайтадан істен шығып отыр. Сервистің жөндеуі де кем дегенде жарты айдан 90 күнге…

Толық оқу

Семей қаласының Водный кентінде 600 орындық жаңа мектеп ғимаратында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ордасының мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында өтті. Жаңа үлгідегі үш қабатты №52 мектеп 2025-2026 оқу жылында ашылады. Бұл – жоба бойынша Абай облысындағы үшінші, Семей қаласындағы екінші мектеп. Бұған дейін Қарағайлы шағынауданында 1200 орындық, ал Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілген. Ашық есік күніне 100-ден астам ата-ана, 60-қа жуық оқушы, мұғалімдер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, блогерлер, сондай-ақ облыстық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары қатысты. Қонақтар спорт және акт залы, асхана, хореография залы, бастауыш және арнайы пән кабинеттері, STEM-зертханалар, робототехника…

Толық оқу

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов теңгенің күрт әлсіреуі салдарынан Қашаған кенішінің операторы NCOC консорциумына салынған экологиялық айыппұл долларға шаққанда шамамен 1 миллиардқа қысқарғанын айтты деп жазады Ertenmedia. Оның атап өткеніндей, былтыр наурызда NCOC-қа экологиялық заңсыздықтар үшін 2,3 трлн теңге айыппұл салынған. Ол кезде доллардың ресми бағамы 451,71 теңге еді. Осылайша, айыппұлдың жалпы сомасы доллармен есептегенде 5,9 миллиардтан асып кеткен. Алайда түнеукүні сот осы шешімнің күшін жойды. Оған айыппұлды рәсімдеу кезінде жіберілген процессуалдық кемшіліктер себеп болған. Іс алдағы уақытта қайта қаралуы тиіс. «Егер сот айыппұлды қайта бекітсе, қазіргі валюта бағамымен (шамамен 560 теңге) есептегенде, консорциумның төлейтін сомасы шамамен 985 миллион долларға…

Толық оқу

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia. Қалалық әкімдік оның басқа жұмысқа ауысқанын хабарлады. Әмрин 2022 жылдың ақпанынан бері мегаполистегі сәулет, қала құрылысы, энергетика, қаржы және сумен қамту мәселелеріне жауап берген болатын. Әмрин мемлекеттік қызмет жолын Ақмола облысынан бастаған. Әділет министрлігінде, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жетекші лауазымдарда істеді. Қаржы вице-министрі болды, Индустрия министрлігінде және Бас прокуратурада қызмет атқарды. Кейіннен Астана әкімінің кеңесшісі болып, 2016-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары лауазымында отырды. Ал Алматыға келген соң Ерболат Досаевтың оң қолы ретінде танылды. Сонымен қатар, Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин де қызметінен кетті. Бұған дейін әкімнің тағы бір орынбасары Әсем…

Толық оқу