Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі және мәдениет саласындағы елеулі жетістіктері үшіндық мәслихатының депутаты, мәдениет қызметкері Нұртай Тілеужан «Құрмет» орденімен марапатталды. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәдениет қайраткерін жоғары марапатымен құттықтап, алдағы уақытқа шығармашылық табыстар тіледі. Нұртай Тілеужан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 1991 жылы алғаш рет Қазақстанға айтыс сайысына қатысу үшін келген, ал 1992 жылы отбасымен бірге тарихи отанына қоныс аударып, Ұлан ауданының Айыртау ауылына тұрақтаған. Қазақстанға келген соң, ауыл шаруашылығында еңбек етіп, кейіннен аудандық мәдениет үйіне жұмысқа орналасқан. Ол өзінің шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділігі арқылы танылып, бес рет аудандық мәслихат…
Автор: editor
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиевамен және Талдықорғанда өтіп жатқан азаматтық форумның басқа да бірқатар спикерлерімен кездесу өткізді. Атап өтсек, «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық үлгілері – өңірлік дамудың драйвері» атты ауқымды азаматтық форум биылғы жылда алғаш рет Жетісуда өткізіліп отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ресми қонақтарды қарсы алған Бейбіт Исабаев өңірдегі азаматтық институтпен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділеттілік, ашықтық және қоғаммен кері байланысты өзінің саяси бағытының негізгі өзегі ретінде белгіледі. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы — біздің күнделікті жұмысымыздағы негізгі…
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы XXVII сессиясы өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сессия жұмысына облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев төрағалық етіп, сөз сөйледі. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясында айтқан стратегиялық бағытын негізге ала отырып, Ассамблеяның елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы маңызын атап өтті. «30 жыл ішінде Ассамблея этносаралық татулық пен дінаралық келісімді сақтау ісінде үлкен үлес қосты. Бұл құрылым еліміздегі барлық этностарды ортақ мақсатқа біріктіріп, Қазақстанның бейбітшілік пен келісімнің брендіне айналуына ықпал етті», – деді…
Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат қағуға бір табан жақын тұр. Үкілеген үмітті арқалағандардың 1433-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үмітті. Ал, 1513 оқушы «Үздік аттестат» иегері атануға құлық танытуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 жылдық тәлім мен тәрбие, білім мен білік , бағы мен бабы қатар сыналар тұста алыс емес. Түлектер жылдағыдай ҰБТ тапсырады. Биыл 14 123 бала тестілеуден өтеді. Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы биылғы 2024-2025 оқу жылы жемісті болғанын алға тартуда. Оның айтуынша, оқушылар 17 халықаралық, 150-ге жуық республикалық білім бәйгелерінің…
Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Полиция Департаментінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара «Қазақстан балалары» республикалық тұжырымдамасы аясында және 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Оған 150-ден астам мектеп оқушылары мен «Жас сақшы» бағдарламасының кадеттері қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Салтанатты бөлім сапқа тұру мен қонақтарды қарсы алудан басталды. Балалар Ішкі істер министрінің бейнеқұттықтауын көріп, ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбековтің жылы лебіздерін тыңдады. Содан кейін оқушылар әртүрлі тақырыптық алаңдарға бөлініп, түрлі іс-шараларға қатысты. Бірі шахмат пен үстел теннисінен сайысса, енді бірі интернет қауіпсіздігіне арналған викторинаға қатысты. Жас қатысушыларға интернеттегі алаяқтарды қалай тану және жеке мәліметтерді қалай қорғау керектігі…
Өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындық мақсатында 2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында республикалық «Өрт – 2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдардың дайындығын арттыру, табиғи сипаттағы төтенше жағдайға ден қою барысында уәкілетті органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығы, барлық деңгейлерде жедел кезекшілікті ұйымдастыруды, болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын құруды тексеру болып табылады. Оқу-жаттығуға облыс әкімдігі, орман шаруашылығы басқармасы және азаматтық қорғау уәкілетті орган қызметкерлері қатысты. Практикалық бөдімге азаматтық қорғаудың барлық қызметтері тартылған болатын. Өртті сөндіру,…
Алматы облысының Іле ауданында орналасқан «Фирма БЕНТ» ЖШС базасында «AMANAT» партиясының облыстық көшпелі қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қоғамдық қабылдауға зауыттың 40-қа жуық қызметкері қатысып, жалақы, еңбек қауіпсіздігі, медициналық қызмет көрсету, жол сапасы, қоғамдық көлік маршруттары мен экологиялық ахуалға қатысты өзекті мәселелерін көтерді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қабылдаудың басты мақсаты – еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарын жедел әрі тиімді шешуге ықпал ету. «Әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар жолданады. Бұл – партияның халықпен ашық диалог орнатуға ниетті екенін көрсететін тиімді алаң», – деді ұйымдастырушылар. Партия…
Түлкібас ауданының түлектері мұқтаж отбасыға аудан орталығынан баспана сыйлады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай атындағы білім ордасы мен Б.Садықов және М.Ломоносов атындағы мектептерін 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер 13 млн теңгеге жуық қаражат жинап, соның 9 млн теңгесіне үй сатып алған. Кейін баспананы толық жөндеуден өткізіп, ішін қажетті жиһаз-техникалармен жабдықтап беріп отыр. Қасиетті жұма күні сауапты істі ұран қылған түлкібастықтар үйдің ауласында 300 адамға ас беріп, Қаратаевтар отбасына үйдің кілтін табыстады. Жас отбасының отағасы 1-топ мүгедектігі бар азамат. Осы кезге дейін отбасымен жалдамалы пәтерде тұрып келген. Игі шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Анашев, ардагер ұстаздар мен…
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі базасында I Республикалық «Ұлттық дәм фестивалі» байқауы өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Фестивальге әлеуметтік серіктестер, Алматы, Тараз қалаларынан, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарынан келген колледж студенттері, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар қатысты. Байқауға жалпы саны 60-қа жуық қатысушы жиналды, ал іс-шараны 50-ден астам қонақ тамашалады. Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің директоры, байқаудың ұйымдастырушыларының бірі Жабықбаев Н.Ж. шараның маңыздылығын атап өтті: «Шараның мақсаты — аспаздық өнер саласындағы жұмысшы мамандықтарды насихаттау, қазақ ұлттық тағам дәстүрлерін жаңғырту мен сақтау, сондай-ақ аспаз мамандығының беделін арттырып, жас мамандардың шығармашылық әлеуетін дамыту». Байқаудың басты мақсаты — қазақ…
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылығы және отандық, халықаралық сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен саланы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кеңесте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, тау шаңғысы индустриясының әлемдік жетекші компанияларының өкілдері: Horwath HTL (АҚШ) серіктесі Синиша Топалович, Stem International (Франция) бас директоры Винсент Тассар, PGI management (Андорра) президенті Жоан Виладомат тау туризмін дамыту жоспарларын таныстырды. Алматы тау кластерін кешенді дамыту мақсатында кешенді жоспар әзірленді, оған сәйкес Түргеннен Қаскелеңге дейінгі келешегі…
