Алматы облысындағы абақтыларды өндіріс ашу мен сотталғандарды еңбекке тарту жұмысы біртіндеп нәтиже беуде деп жазады Ertenmedia.kz. Жақында №10 түзеу мекемесінде екі бірдей жаңа өндірістік нысан «INFINITEL» және «БроМарт» іске қосылды. Осы жобалардың арқасында бірден 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жаңа нысандардың жұмысымен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, салалық мекемелердің басшылары және кәсіпкерлер танысты. Мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысы сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бағытының сөз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Соңғы деректерге қарасақ, Алматы облысындағы түзеу мекемелерінде еңбекпен қамту деңгейі 41 пайыздан 65 пайызға дейін өскен. Бұл көрсеткішке білім беру жобалары мен кәсіпкерлердің қатысуымен іске асқан бағдарламалар айтарлықтай…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг өңірде 2022-2025 жылдары 1,3 млн гектар тұрақты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталған. 712 мың гектар жер қайта айналымға енгізіліп, 603 мың гектар мемлекеттік меншікке қайтарылды, оның ішінде ауыл шаруашылығы айналымына 431 мың гектар тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Жетісу облысы аграрлы аймақ. Бұл салада өндірілген өнімнің жалпы көлемі былтыр 3%-ға өсті. Биыл өсім 5% болады деп күтілуде. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығына 25 млрд.теңге инвестиция тартылды. 2025-2027 жылдары облыстың агроөнеркәсіп кешенінде жалпы құны 94,4 млрд.теңгеге 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде ірі жобаларды атап өтсем,…
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені экономикадағы стратегиялық маңызды салалардың бірі болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптің дамуы елдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, экспорттық әлеуетін ұлғайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдар деп атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстандағы тамақ өнімдері өндірісі тұрақты өсім көрсетіп отыр. – Осы жылдың 10 айында тамақ өндірісі 3,1 трлн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға артты. Жыл соңына дейінгі жоспар – 9,3%. Тамақ өнімдерін өндіруге салынған негізгі капиталға инвестициялар 60%-ға өсіп, 225 млрд теңге болды, – деді ол. Өңделген өнімдердің экспорты бойынша да оң динамика байқалады. Биылғы тоғыз айда экспорт…
Желтоқсан айында бірқатар ел өз бюджетін бекітті. Бұл Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің даму жолын, әр елдің басымдықтарын және болашақ стратегиясын бағалауға мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшы Расул Рысмамбетовтың айтуынша, Орталық Азия – төрт бюджет, төрт болашақ моделі. Бұл қатарда Түрікменстан әлі деректерін ұсынбаған. Ал Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бюджеттік саясатта әртүрлі модельдер мен басымдықтарды көрсетіп отыр. Қазақстан 2026 жылы теңгерімді және жетілген фискалдық басқару моделін ұсынады. Елдің бюджеті 27,3 трлн теңгені құрайды. Бұл ЖІӨ-нің 14,8%-ы, оның 39%-ы әлеуметтік мақсаттарға бағытталған. Әлеуметтік қолдауға бюджеттің 25%-ы, денсаулық сақтауға 10%-ы, ал білім беру мен мәдениетке 15%-ы жұмсалады. Ол тұрақты экономикалық…
Еліміз 2030 жылға қарай сауда саласын цифрлық технологияларға негізделген, ашық әрі тиімді экожүйеге айналдыруды көздеп отыр. Сауда бүгінгі таңда ел экономикасының ең ірі секторларының бірі болып қала береді. Үкімет бекіткен жаңа тұжырымдама 2025 жылғы 27 қарашадан бастап күшіне енді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Тұтынушыларға арналған қызметтер мен сауда-саттықтың мүмкіндіктері толық пайдаланылса, экономиканы дамыту, салық түсімдерін арттыру және халықты жұмыспен қамту шаралары тезірек нәтиже береді, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев. Үкіметтің мәліметінше, сауда саласы ел экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие. 2024 жылы бұл салада 1,5 миллионнан астам адам жұмыс істеп, ол жалпы жұмыс істейтіндердің 16,6 пайызын құрады. Соңғы он жыл ішінде…
Жетісу облысында соңғы үш жылда құрылыс пен әлеуметтік инфрақұрылым бағытында нақты істер атқарылды. Осы кезеңде 1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 13 498 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Соның ішінде 2 362 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына, ал 388 баспана апатты жағдайда тұрған үйлердің тұрғындарына берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаевтың айтуынша, әлеуметтік нысандарды жаңарту деңгейі орта есеппен 55,8 пайызға жеткен. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларында барлығы 276 нысан жаңартылып, пайдалануға берілді. Білім саласында 19 жаңа нысан салынды, 22 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Соның нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарды.…
Астанада 13-15 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік даңғылы 34 мекенжайында орналасқан «Astana Mall» сауда-ойын-сауық орталығында ұлттық өнердің ұлы керуені — «Ұлы дала қолөнершілер керуен көшi» республикалық қолөнер жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жәрмеңке сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі. Бұл шара жай ғана жәрмеңке емес, қазақтың терең тамырлы өнерін, ұлттық нақышын, дәстүр мен заманауи стильді тоғыстыратын ерекше мәдени кеңістік. Мұнда келушілер еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлердің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды көріп, ұлттық өнердің жандануына куә бола алады. Жәрмеңке аясында: қазақтың төл қолөнер туындыларының көрмесі, ұлттық стильдегі сән көрсетілімі, танымал қолөнершілер мен дизайнерлердің қатысуымен шеберлік сабақтары, этномәдени бағдарлама және авторлық бұйымдарды сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.…
Мәжіліс депутаттары ауыл шаруашылығын жаңаша дамыту тәсілдерін талқылап, агросекторды цифрландыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ақмола облысының Қосшы қаласында Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті көшпелі жиын өткізді. Аталған комитеттің төрағасы Серік Егізбаев жетекшілік еткен жиында тігінен интеграцияланған агрокәсіпорындардың озық тәжірибесін ел аумағына тарату жолдары айтылды. Іс-шара Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты биылғы жылғы Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруды көздейді. Серік Егізбаевтың атап өткеніндей, Ақмола облысының таңдалуы да бекер емес. Биыл аталған өңір республика бойынша астық жинаудан көш бастады. Сонымен қатар мұнда агрохабтар қалыптастыруға мүмкіндік беретін дамыған логистика мен цифрландыру деңгейі жоғары. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев толық циклмен жұмыс істейтін, терең…
Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының кіші залында көру қабілеті бұзылған жандарға арналған «Мен сені сүйем, Өмір» атты вокалдық байқау өтті. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері осындай бастамалар қаладағы мәдени өмірдің бір бөлігіне айналып келе жатқанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Байқауды «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп өткізді. Сахнаға тек ән айту үшін шыққан адамдар емес, қала өмірінен шет қалмай, қоғамдық жұмысқа араласып жүрген алматылықтар жиналды. Бірі үйреншікті жұмысынан кейін дайындыққа уақыт тапқан, енді бірі үйдегі тірлікті реттеп жүріп, репетицияға келген. Кештің салмағы да осында. Залда жүзден астам көрермен…
6-7 желтоқсанда Алматыда өткен Almaty Winter V5 Competition турнирінде «Ғылым ордасы» жанындағы Gylym FabLab робототехника зертханасының оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Excellence Award және Tournament Champions марапаттарын жеңіп алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жеңіс Gylym FabLa командасына 2026 CREATE U.S. Open Robotics Tournament – V5RC High School халықаралық чемпионатына қатысу мүмкіндігін сыйлады. Турнир барысында қатысушылар роботты құрастыру, бағдарламалау, инженерлік ойлау мен тактикалық шешім қабылдау қабілеттерін кешенді түрде көрсетті. Gylym FabLab командасы техникалық дайындық, жобаның инженерлік шешімі, командалық үйлесім және жарыс стратегиясы бойынша төрешілердің жоғары бағасына ие болды. Жеңімпаз команда 2026 жылдың 16-18 наурызында АҚШ-тың Айова штатында өтетін әлемдік додада үздік…
