Жетісу облысында мүгедек жандар үшін ғимараттарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 69%-ға жетті. Бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық жұмыспен қамтулы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2022-2024 жылдар аралығында облыс аумағындағы 625 нысан мүгедек жандардың кіріп-шығуына бейімделген. Биыл мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің шамамен 195 нысанын бейімдеу жоспарда бар. Мемлекеттік нысандар үшін бюджет қаржысы қарастырылған. Сонымен қатар инватакси көлігінің саны соңғы екі жылда екі есеге өсті. Облыс көлемінде қазір 32 инватакси қызмет көрсетіп жүр. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарды қажетті техникалық құрылғылармен қамтамасыз етуге қаржы бөлінеді. Жалпы облыс…
Автор: editor
Алматыда қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажиннің үкімін жариялады. «Ол ауланы санитарлық тазалау бойынша жұмыстарда мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесемін деген сылтаумен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды», — деп жазылған хабарламада. Қажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен мемлекет кірісіне жалпы сомасы 21 млн теңгеден асатын екі көлік тәркіленді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовты қабылдады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстан мен Маңғыстау арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің маңыздылығына тоқталып, болашақта ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті. «Өзбекстан — бізге көршілес ел. Бүгінде Маңғыстау облысында өзбек капиталының қатысуымен кәсіпорындар түрлі салада жұмыс істеп жатыр. Біз Өзбекстанмен іскерлік байланысты тереңдетуге мүдделіміз. Алда жүзеге асырылуы тиіс үлкен жобалар бар. Өңіріміздің екі теңіз порты мен шекаралық аймақта орналасуы – үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан біз өзара тиімді әрі нәтижелі серіктестікке дайынбыз», –…
Ақтауда әкімнің жаңа орынбасары болып Әсет Шопанов тағайындалды, – деп хабарлайды ErtenMedia. Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің түлегі. Ол еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімінің аппаратында бас маман ретінде бастаған. 2003-2018 жылдар аралығында Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі қызметтер атқарды. 2018-2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді. 2020-2022 жылдары осы басқарма басшысының орынбасары болса, 2022-2024 жылдары басқарма басшысы қызметін атқарды. Мас күйде көлік жүргізу дерегі Жергілікті БАҚ ақпаратына сүйенсек, былтыр Әсет Шопанов мас күйінде көлік тізгіндеп, полицияға ұсталған. Сол кезде ол Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының…
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Отырыста пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері де қаралды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңірде 2022 жылы пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топ құрылған. Комиссия жұмысының нәтижесінде 512,8 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылған. Облыстық қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың соңына дейін 170 мың гектар пайданылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланған. Қазіргі таңда 51,5 мың гектары қайтарылған. Бұл жұмыс Бородулиха, Жарма, Мақаншы аудандарында баяу жүргізілуде. Облыс әкімі аудан әкімдеріне пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды. «Аудан әкімдері ауыл халқын жайылымдық жермен…
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жастарды экологиялық бастамаларға тартуға арналған интерактивті пікірталас өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологиялық ұйымдар және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Басты спикерлердің бірі – «Өскемен тынысы» Экологиялық қорғаныс бюросының жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова жастарды өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге белсенді қатыстыру бойынша өз тәжірибесімен және ұсыныстарымен бөлісті. Пікірталасқа сондай-ақ ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов, Виталий Чернецкий – «ECOJER» өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі, Вадим Кушнарев – «ECOJER» филиалының экологы, «Өскемен тынысы» бюросының мүшесі қатысты. Пікірталас барысында Шығыс Қазақстан облысының экологиясына қатысты өзекті…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан туралы Заңның маңыздылығына тоқталып, ол қаланы дамытуға тың серпін беретінін атап өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Заң 13 баптан тұрады. Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына 44 қосымша құзыреттілік беріледі. Құжатта тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау, археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу, тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу, қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау, археологиялық ескерткіштердің…
Наймандар — Қазақ хандығының этникалық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған ру-тайпалық бірлестік. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдын батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. Х ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» карағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен ата- лады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азия аумағына қоныс- танған. Қидандардын Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның…
2024 жылы Шымкентте әкімнің жиналысы кезінде тұрғын үй басқармасы басшысы міндетін атқарушы ұсталды. Оқиғаның видеосын қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram-да жариялады. Экс-шендіге сот қандай үкім шығарғаны белгілі болды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ол Шымкенттегі 216 тұрғын үйдің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру бойынша жұмыстарды орындауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды. «2024 жылғы 27 тамызда ол 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, сондай-ақ, өмір бойына қандай да бір мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылды», — деді Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі өкілі Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында. Айта кетейік, әкім бұл «көріністің себебін» өзгелерге сабақ болсын деген…
700-ге жуық шетелдік таксист жазаланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Полиция пікірі Көші-қон қызметінің мәліметі бойынша 5 күн ішінде 46 мың көлік тексерілген, нәтижесінде 1 080 шетелдік азамат жеке тасымалдаумен айналысқаны анықталған. «Олардың 691-і мобильді қосымшалар арқылы көші-қон заңнамасын бұзып, жеке тасымалмен айналысқан», — деп жазылған хабарламада. 234 шетелдік заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, 457 шетелдік ҚР-да болу мерзімін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен 175 шетелдік такси жүргізушісі ел аумағынан шығарылды. Олардың 103-і жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орындарына орналастырылған. Сонымен қатар, 38 қазақстандық шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Бұған дейінгі жағдай Айта кетейік, бұған дейін…