Михаил Мишустин Омбы қаласында орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалына барды. ҚазҰУ – Ресей аумағында өз филиалын ашқан алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны. Қазақстан тарапынан кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысты. Ресей тарапынан шараға РФ Ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальков, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко, Омбы облысының жоғары білім және ғылыми-технологиялық даму министрі Александр Кольцов, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ректор міндетін атқарушы Иван Кротт қатысты. Қонақтар қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, ҚазҰУ-дың оқу корпусы мен ғылыми кітапханасын аралады. Кездесу…
Автор: Асылхан Бөрібай
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда мемлекет пен азаматтар арасындағы кері байланыс тетіктері қарқынды дамуда. Бұл бағыттағы маңызды құралдардың бірі – epetition.kz платформасы. Аталған цифрлық алаң арқылы азаматтар бір мыңнан астам петиция жолдап, қоғамды толғандыратын мәселелермен танысуға мүмкіндік алды. Портал қоғамдық бастамаларды білдірудің және мемлекеттік органдардың назарын өзекті тақырыптарға аударудың тиімді арнасына айналуда. Мемлекеттік басқаруда ашықтық пен есептілікті арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне ақпаратқа қол жеткізу саласында мемлекеттік бақылау жүргізу функциясы жүктелді. Есепті кезеңде 61 ақпарат иесіне қатысты тексеру жүргізіліп, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабында көзделген нормалар бойынша анықталған құқық бұзушылықтарды жою жөнінде ресми хабарламалар жолданды. Азаматтардың…
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнесті дамыту Комитетінің кезектен тыс отырысын өткізді. Онда салалық қауымдастықтардың өкілдері мен белсенді кәсіпкерлер жаңа Салық Кодексін және бизнестің келесі қадамдарын талқылады. «Атамекен» ҰКП алаңында ШОБ Комитетінің басшысы Сәкен Қарин мен «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың төрағалығымен шағын және орта бизнесті дамыту Комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға қатысушылар қол қойылған жаңа Салық Кодексі және фискалдық саясаттағы егжей-тегжейлі өзгерістерді айқындайтын нормалар жайын талқылады. Тимур Жаркенов өз сөзінде Палата мен бизнес-қауымдастықтар екі жыл бойы Салық Кодексін әзірлеуге белсенді қатысып, мемлекеттік және сараптамалық алаңдарда кәсіпкерлердің мүдделерін қорғағанын айтты. Бірақ жұмыс мұнымен аяқталмайды, өйткені…
ТөтенМиннің бұрынғы басшысы Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ertenmedia хабарлайды. Ильиннің орнына осы компанияның бизнесті дамыту жөніндегі бұрынғы орынбасары Диаз Диянов тағайындалды. Ол мұнай-газ саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 15 жылын тікелей «ҚазМұнайГаздың» құрылымдарында өткізген білікті маман. Компанияның хабарлауынша, Диаз Диянов бұған дейін «ҚазМұнайГаз Өнімдері», «ҚазМұнайГаз өңдеу және маркетинг», Атырау мұнай өңдеу зауыты (АНПЗ), сондай-ақ KPI Inc. секілді ірі құрылымдарда жауапты қызмет атқарған. Ал Ильиннің қызметтен кету себебі әзірше белгісіз. Ол «KMG PetroChem» серіктестігін 2024 жылдың желтоқсанынан бері басқарған еді. Бұған дейін Karabatan Utility…
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасады деп айыпталған Ернар Жиембайдың ісіне қатысты сот процесі басталды деп жазады Ertenmedia. Әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» серіктестігінің директоры қызметін атқарған Жиембайдың қылмысқа баруына не себеп болғаны тергеу материалында егжей-тегжейлі баяндалды. Еске салсақ, 21 сәуір күні кешке әкімдік ғимараты алдында атыс болып, қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов ауыр жараланған еді. Айыпталушы Ернар Жиембай екі баланың әкесі, бұрын жауапты қызмет атқарған. Тергеу мәліметіне сәйкес, қанды оқиғаға Берденовтің бұйрығы бойынша Жиембайдың жұмыстан қуылатыны туралы хабар түрткі болған. «Жұмыстан босайтынын естіген Жиембай қатты күйзеліске түседі. Көңіл-күйі алай-түлей қалпында бір шөлмек шарап сатып алып, оның көлігінің…
Италияның Портофино қаласында өткен XI Халықаралық опера байқауында (CLIP 2025) қазақстандық опера әншісі Айгерім Алтынбек тарихи жеңіске жетіп, бірден төрт беделді марапатты иеленді,- деп хабарлайды Ertenmedia Concorso Lirico Internazionale di Portofino байқауына қатысқан Айгерімнің жетістігі байқау тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға болды: ол бір уақытта Бірінші орынды, Көрермендер көзайымы жүлдесін (Emotion Prize), «Үздік әйел дауысы» жүлдесін және Музыкалық сыншы, профессор әрі арт-директор Карло Майердің арнайы сыйлығын жеңіп алды. Қазылар алқасының төрағасы, танымал опера менеджері Доменико Мейердің айтуынша, Айгерім Алтынбек байқаудың барлық кезеңінде қазылар алқасының бірауыздан бірінші орнына ие болған. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі және кәсіби қауымдастық пен көрермендердің толық қолдауын көрсетеді. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық өтінім…
Осы аптада АҚШ пен Еуропа арасындағы жаңа сауда келісімі жасалып, кәрі құрылық елдерінің көңілі баяз тапқандай болды. Осыған дейін Дональд Трамп ресми Брюссельді 30 пайыздық тарифпен қорқытып, келсімге келуге итермелеген еді. Сонымен келіссөздің нәтижесінде базалық ставканың мөлшері 15 пайызға тұрақтады. Бұған қуанып, қапа болғандарда бар. Қуанғандардың көбі АҚШ-тың саяси қысымының артта қалғанына қуанса, ал қапа болғандар бизнес үшін күні кеше ғана 10 пайыз болған кедендік төлем 15 пайызға ұлғайғанына мұңайды. Яғани, бизнес үшін бұл келісім «нашардан да тәуір жағдай» болып тұр. Сонымен қатар әуе кемелері мен олардың қосалқы бөлшектеріне, жекелеген химия өнімдеріне, жартылай өткізгіштер өндірісіне арналған жабдықтарға, бірқатар аграрлық тауарларға…
Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы күн сайын өркендеп, ілгері басып келеді. Жеріміз кең, топырағымыз құнарлы, климаты әртүрлі аймақтарымызда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге барлық мүмкіндік бар. Дегенмен, бір қарағанда, қолда бар байлықты ұқсатуға келгенде кейде кемшін түсетін тұстарымыз да жоқ емес. Соның бірі – өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін дұрыс сақтап, кейінге дейін тиімді тұтыну мәселесі. Әдетте картоп, пияз сияқты көкөністер жазғы уақытта көбіне көрші елдерден импортталады. Ал қысқы маусымда бұл өнімдермен өзімізді толықтай қамтамасыз ете аламыз. Неге бұлай? Өйткені, өзімізде өндірілген өнімді жаз мезгілінде сақтау үшін тиісті инфрақұрылым жеткіліксіз. Бұл жағдай бір қарағанда қарапайым мәселе болып көрінгенімен, оның астарында үлкен экономикалық салдар…
Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша өткен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиадада төрт қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл додаға жүзден аса елден келген мықты қатысушылардың арасынан топ жарып, жүлделі орынға ие болу – үлкен жетістік. Жас биологтар күрделі теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды сәтті орындап, өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, бұл жеңіс еліміздің білім беру жүйесінің әлеуетін айқын көрсетіп, биология ғылымына қызығушылығы бар жастардың жаңа буынын қалыптастыруға жол ашады. Олимпиададағы табыс – ұстаздар мен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Президент Тоқаевтың 2023 жылдың шілдесінде қабылдаған активтерді қайтару туралы заңы ТМД аумағындағы ең батыл бастамалардың бірі болды. Қаңтар оқиғасынан кейінгі реформалардың жалғасы іспетті бұл заң ел ішінде заңсыз жолмен жинақталған байлықты мемлекетке қайтарып, қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қайта орнатуды көздейді деп жазады Ertenmedia. Заң бойынша, күмәнді капиталын заңды жолмен дәлелдей алмаған кез келген азаматтың байлығы «шыққан тегі түсініксіз активтер» деп белгіленеді. Күдікке ілінген адамның активі 13 миллион айлық есептік көрсеткіштен (шамамен 98 млн доллар) асып түссе, оны арнайы тізімге енгізу мәселесін үкіметтік комиссия шешеді. Мұндай «қара тізімді» тікелей премьер-министр басқарады, оның құрамына депутаттар, қоғам қайраткерлері мен министрлер кіреді. Қазір елде активтерді…










