Автор: Асылхан Бөрібай

Алматыдағы № 1 облыстық балалар үйіне қатысты тағы да дау шықты. Облыстық Білім басқармасы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Білім басқармасының мәліметінше, Алматы қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау өңірлік орталығы» КММ ғимараты апат жағдайында тұруына байланысты тәрбиеленушілерді Қонаев қаласындағы жаңа, заманауи балалар үйіне көшіру туралы шешім қабылданған. «1963 жылы салынған ғимарат әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған. 2024 жылы «Астанақұрылыссервис» ЖШС жүргізген техникалық зерттеу нәтижесінде ғимараттың тірек құрылымдарында жарықтар анықталып, жылу және сумен жабдықтау жүйелері толық тозғаны және қайта қалпына келтіруге келмейтіні анықталған. Нысан санитарлық, өрт қауіпсіздігі және құрылыс талаптарына сәйкес келмейді», — деп жазылған хабарламада. 2025 жылғы 9 шілдеде…

Толық оқу

Ұлттық банкі базалық пайыздық мөлшерлемені жыл соңына дейін 16,5%-да ұстап тұрады. Мұны бүгін бас банкир Тимур Сүлейменов ресми мәлімдеді деп жазады Ertenmedia. Базалық мөлшерлемеге тиіспеу туралы шешім инфляцияның әлі де жоғары болуымен тікелей байланысты. Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 11,8%-ға жетіп, әсіресе қызмет көрсету саласында (16,1%) және азық-түлік өнімдерінде (10,6%) баға өсімі байқалған. Ұлттық банк халықтың инфляциялық күтулері аздап төмендегенімен, әлі де құбылмалы әрі тұрақсыз күйде екенін атап өтті. Бұл жағдай базалық пайыздық мөлшерлемені әлі де болса осы күйінде ұстап тұру қажеттілігін көрсетеді. «Біз ақша-несие саясатын қазіргідей қатаң деңгейде ұзақ уақытқа дейін ұстаймыз. Сондықтан базалық мөлшерлеме жыл соңына дейін өзгеріссіз…

Толық оқу

Ertenmedia.kz тілшілері өз оқырмандарына ұсынға сұхбатта Agromash базасындағы Локализация орталығының президенті Динара Шүкіжанова америкалық John Deere техникасын Қостанайда өндіру жобасы жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Сұхбаттан локализация, фермер үшін оның нақты пайдасы қандай, 5% жеңілдетілген лизинг пен сервис желісі қалай жұмыс істейді, кадр мен цифрлық шешімдер қалай жүзеге асатыны жайында молынан мағұлмат алуға болады.   – Динара ханым, Қостанайдағы локализация орталығында John Deere өндірісін іске қосу – агроөнеркәсіп саласының күн тәртібіндегі басты жаңалықтарының бірі екенін білеміз. Әңгімемізді «Неге дәл қазір?» деген сұрақтан бастасақ. – Өйтені уақыты келді. Соңғы жылдары Үкімет импорттық трактор мен комбайнды жаппай субсидиялаудан бас тартып, қолдауды отандық…

Толық оқу

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдергі туристтік нысандардың қазіргі жағдайы және туризм саласының дамуы мәселесіне арналған кеңес өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia  Жиында Туризм басқармасы, Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы жазғы демалыс маусымындағы жағдай туралы баяндады. Туристтерге тартымды өңір болып табылатын Шығыс Қазақстанда 371 демалыс нысаны тіркелген. Жазғы маусым енді ашылғанына қарамастан облысқа 100 мың демалушы келгенін айта кетсек, оның 5 мыңы шетелдік туристтер. Болжам бойынша олардың қатары күннен күнге артып келеді. Аймақ басшысы осыны ескере отыра облыс тұрғындары мен қонақтарының лайықты демалуын қамтамасыз ету мақсатында ең бірінші жолдарды, оның ішінде жол бойында қызмет көрсететін нысандардың жағдайын,…

Толық оқу

Британдық Global Banking & Finance Review басылымы Қазақстандағы өмір сүру деңгейінің артуына арналған мақала жариялап, оған қол жеткізуге мүмкіндік берген шараларды тізіп шықты,- деп хабарлайды Ertenmedia  Басылым атап өткендей, Қазақстан дәстүрлі түрде табиғи ресурстарымен танымал ел болғанымен, қазір өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы күш-жігерімен де танылып келеді. Ресми статистикаға сәйкес, 2024 жылға қарай елдегі кедейлік деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 46,7%-дан 5%-ға дейін төмендеген. Осы уақыт аралығында нақты жалақы 21%-ға артқан, бұл инклюзивті өсуді көздейтін жан-жақты трансформацияның нәтижесі екенін көрсетеді. Көптеген дамушы экономикалар кедейлікпен күресте тікелей қаржылай төлемдерге арқа сүйесе, Қазақстан еңбек нарығына интеграция мен жұмыс орындарын құруға басымдық береді. Бұл…

Толық оқу

Шымкент тұрғындары туралы лас пікір білдірген әйелдің үстінен сотқа арыз берілді деп хабарлайды Ertenmedia. Жұрттың ашуына тиген атышулы видеода Шымкент мәслихатының төрағасы Бахадүр Нарымбетовтің қабылдауында болған Ақмола облысының тұрғыны оңтүстік жұртын «оңбаған, өтірікші, суайт, аферист» деп тілдейді. Депутат оған ескерту жасағанымен, әлгі әйел айтқанынан танбай «жұртшылық сөй дейді» деп жағдайды ушықтыра түскен. Осыдан кейін журналист Ержан Мұқаш пен адвокат Бақыт Өсетов әлгі азаматтың үстінен сотқа арыз түсіргені белгілі болды. «Әлгі әйелдің айтқанынан естіп, ашуға булықтық. Шымкенттіктердің ар-намысына тиетін мұндай жөнсіз пікірге тосқауыл қою керек. Екі ел ауызға төрт елі қақпақ. Қаламызға сырттан келген адамның пікірі әдетте, кері қарай өзгеріп жатады.…

Толық оқу

Семейде жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілерді қолдау мақсатында «Бір ауыл – бір өнім» және «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік байқау-көрмелері өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia  Абай облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған екі жоба да өңірдегі шағын бизнесті дамытуды, жергілікті ресурстарды тиімді пайдаланып, сапалы өнім өндірушілерді анықтауды және олардың нарыққа шығуын қолдауды көздейді. Көрменің ашылуына қатысып, сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли жергілікті бизнестің өңірдің дамуына қосатын үлесі зор екенін ерекше атап өтті. «Абай облысының кәсіпкерлері осы байқауға жыл сайын зор қызығушылықпен қатысып келеді. Биыл өңірімізден барлығы 13 кәсіпкерлік субъектісі, яғни жеке кәсіпкерлер мен компаниялар ниет білдіріп, ресми түрде қатысушылар тізіміне енді. Бұл –…

Толық оқу

Бүгін Талдықорғандағы Тіл сарайында ветеринария қызметкерлері күніне арналған мерекелік жиын өтіп, онда сала еңбеккерлері марапатталды. Сол сияқты аудан-қалалардағы ветеринарлық станцияларға автокөліктердің кілті тапсырылды,- деп хабарлайды Ertenmedia  Мал дәрігерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев ветеринарияның ел өміріндегі маңызына тоқталып, сала қызметкерлеріне алғысын жеткізді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл, түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді» деп атап өтті. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес. Сондықтан осы салада жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс. Бұл ретте облыс әкімдігі…

Толық оқу

Бас прокуратура Біріккен Араб Әмірліктерінен атышулы «Дикий Арманның» сыбайласын экстрадициялады. Бұл туралы ведомствоның ресми хабарламасында айтылған деп жазады Ertenmedia. Экстрадицияланған күдіктіге 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, Арман Жұмагелдиев («Дикий Арман») басқарған топтың белсенді мүшесі болды деген айып тағылуда. Прокуратураның мәліметінше, күдікті Қаңтар оқиғасынан кейін із жасырып, үш жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген. Оны Қазақстанға қайтару Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен іске асқан. Күдіктінің аты-жөні жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта ол Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Егер тағылған айып дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске сала кетейік, бұған дейін Арман Жұмагелдиевтің тағы…

Толық оқу

Елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында қос кәсіби мерекеге арналған іс-шара өтіп, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Алдымен Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров ветеринария саласының өкілдеріне заман талабына сай жабдықталған жаңа техникалардың кілтін тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жалпы, биыл 85 көлік табысталып отыр. Одан кейін облыс әкімі салтанатты жиынға қатысып, сала мамандарын құттықтады. – Құрметті су шаруашылығы және ветеринария саласының қызметкерлері! Ардақты еңбек ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Сіздер секілді еңбек адамдарының беделін…

Толық оқу