Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

2015 жыл. Елдегі теңгенің құлдырап, валюта бағамының құбылуы бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген кез. Теңге 187-ден 377-ге бір-ақ құлап, халықтың жинаған қаржысы көз алдарында күйіп кетті. Сол сәтте Ұлттық банктің ішінде жағдайдың қандай болғанын, кімдердің пайда тауып, кімдердің зардап шеккенін сол кездегі валюта интервенциясын басқарған экс-қызметкер ашып айтты деп жазады Ertenmedia. «Мен сол кезде Ұлттық банкте істедім, валюталық интервенцияны басқардым. Ешқандай цензурасыз ашық айтайын», – деп бастайды автор. Басты себеп сайлау алдындағы саяси имидж еді. Ақорданың маңындағы тұлғалар «ақша ештеңе емес, абырой бәрінен маңызды» деген ұстаныммен резервтегі миллиардтарды оңды-солды өртеді. «Күн сайын кешкілік кабинетімде есеп жасаймын: теңгені ұстап тұру үшін нарыққа…

Толық оқу
Илхам Әлиев Путин Кремль

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Шуша медиафорумында Оңтүстік Кавказды тұрақтылық пен тыныштық мекеніне айналдыру керек деген мәлімдеме жасады. Әлиевтің айтуынша, өңір ғасырлар бойы соғыс пен қақтығыстардан көз ашпаған. «Ендігі жерде бейбіт өмір сүретін кез келді», – деді ол. Осы мәлімдемеге қатысты пікір білдірген «Атлас» саяси зерттеулер орталығының басшысы, саяси сарапшы Елхан Шахиноғлу Әзербайжан бейбіт өмірге ұмтылғанымен, Кремльдің ұстанымы бұған қайшы екенін айтты деп жазады Ertenmedia. Сарапшының пайымдауынша, Ресей әлі де болса Кавказда жағдайды ушықтыруды жалғастырып келеді. «Бүгінгі күні басты сұрақ мынау: Кремль Әзербайжанға қарсы тағы қандай арандатуға барады? Олар біздің Ресейдегі диаспора өкілдерімізге қысымды күшейтіп, түрлі провокацияға жол ашуы мүмкін. Әсіресе…

Толық оқу

Қазақстандық Artline Kazakhstan автоспорт командасы Италиядағы әйгілі Misano автодромында өткен GT2 European Series кезеңінде сенсациялық жеңіске жетті. Pro-Am класында бірінші, ал жалпы есепте екінші орыннан жарысты бастаған команда финалға бірнеше минут қалғанда көш бастады,- деп хабарлайды Ertenmedia Artline Kazakhstan командасы Италияда GT2 European Series кезеңіне қатысып жатыр.Қазақстандық команда таңертеңгі іріктеу кезеңінде табысты өнер көрсетті. Шота Абхазава Pro-Am класында бірінші орынды иеленді, ал Егор Оруджев өз жарысын үшінші орында аяқтады. Бұл команданың Pro-Am класста бірінші, ал жалпы есепте екінші орыннан жарысқа шығуына мүмкіндік берді. Бүгін бірінші жарыс өтіп, командамыз лайықты жеңіске қол жеткізді. Жарыстың басында рөлге отырған Шота Абхазава Pro-Am класында…

Толық оқу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынады. Атап айтқанда, БАҚ-ты тіркеу мен жаңарту, құқыққа қарсы контентпен күрес, халықаралық ынтымақтастық, бірлескен жобалар және тарату аясын кеңіту мәселелері қарастырылады,- деп хабарлайды  Ertenmedia БАҚ-ты тіркеу Республикада барлығы 4 871 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 002 мерзімді басылым (газет, журнал), 236 телеарна, 98 радио, 1 231 ақпарат агенттігі мен онлайн-басылым бар. 2025 жылдың I жартыжылдығында БАҚ реестрі жаңартылып, ел аумағында 140 БАҚ қызметін тоқтатып (59 газет, 62 журнал, 19 интернет-басылым), тіркеуден шығарылды. «Құқыққа қайшы контент» таратуға қарсы шаралар Жыл басынан бері интернет желісінен 74 130 заңға…

Толық оқу

Саясаттанушы Ербол Еділов премьер-министрдің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің мақтауын асырды деп жазады Ertenmedia. Оның пікірінше, Нұртілеу тәжірибесі толысқан, саяси карьерасының шарықтау шегінде тұрған тұлға. Алматыда дүниеге келіп, Ұлы жүздің Суан руынан тарайтын Нұртілеудің жасы небәрі 49-да. Ол саясатқа ерте араласып, дипломатия саласында шыңдалған. «Суандар ежелден Жетісу жерін мекендеген, жоңғар шапқыншылығын тежеген батыр рудың бірі», — дейді Еділов. Жолын қарапайым референттіктен бастаған Нұртілеу кейіннен Малайзияда дипломатиялық қызметте болып, Азия және Африка департаментінде маңызды жұмыстар атқарған. Мұрат Әбуғалиұлының саяси өмірі президент Тоқаевпен тікелей байланысты. Тоқаев қайда барса, Нұртілеу сонда… Бұл тандемнің тарихы Сыртқы істер министрлігі мен Сенаттан басталып, Швейцарияда, кейін…

Толық оқу

Павлодар облысында оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған қазақтарға бөлінген қаржыны қалтаға басқан шенеуніктердің ірі алаяқтық схемасы әшкере болды деп жазады Ertenmedia. Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері» мемлекеттік бағдарламасы аясында оңтүстік өңірлерден көшіп келген тұрғындарға баспана сатып алу үшін әр отбасына 4 миллион теңгеге дейінгі өтемақы қарастырылған. Алайда, Успен аудандық Карьералық орталығының қызметкерлері қоныс аударушыларға арзан бағадағы үй тауып беріп, құжат жүзінде баспана құнын екі еселеп көрсетуді міндеттеген. Мәселен, нақты бағасы 4 миллион теңге болатын үйлер қағаз жүзінде 8 миллион теңгеге бағаланған. Шенеуніктер тұрғындарды «бағдарлама талабы осы» деп сендіріп, пайда болған айырмашылық соманы өздері иемденіп отырған. Прокуратура өкілдері…

Толық оқу

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Телеграм каналында Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаев қаласына көшірілмейтінін, бұған байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізетінін алға тартты. – «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді. Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады, – деп жазба қалдырда Руслан Желдібай өзінің Телеграм каналында.…

Толық оқу

Созақ ауданында БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Тур аясында журналистер алдымен аудан орталығы Шолаққорған ауылында салынып жатқан 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенімен танысты. Екі қабатты ғимаратта волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен бокс залдары, бассейн және футбол алаңы орналаспақ. Сондай-ақ, Созақ ауылындағы заман талабына сай жабдықталған спорт алаңшасының жұмысымен танысты. Онда жастар мен жасөспірімдер футбол ойнап, спортпен шұғылдана алады. Жалпы 1030 адамға арналған стадион бар. Бұдан бөлек, жаттығу залдары, «Street workout» және баскетбол алаңдары бар. БАҚ өкілдеріне кейін Созақ ауылдық округі аппаратының жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысы таныстырылды. Сондай-ақ, журналистерге аудандағы «Созақ сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны үшін сатып алынған…

Толық оқу

2025 жылдың алғашқы 5 айында Созақ ауданында 81,5 млрд теңгеден астам тікелей инвестиция тартылды. Ал, жалпы өңірлік өнімінің көлемі 380 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков журналистермен өткен баспасөз жиынында баяндады,- деп хабарлайды Ertenmedia «Ауылшаруашылық саласында осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 138,7 млн теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда өңірде 9 мың тоннаға жуық ет және сүт өнімдері, 750 мың дана жұмыртқа өндірілді. Биылғы егіс науқанында 14 638 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Су үнемдеу технологиясы бойынша 163,9 га жерге жаңбырлатып, 33 га жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, келесі жылы Тайқоңыр елді мекенінде жылына 800 мың тонна…

Толық оқу

Азаматтық қорғау жүйесінде кездейсоқ адамдар болмайды — мұнда адам өмірін құтқару мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді абыройлы іс деп білетін жандар қызмет етеді. Соның жарқын мысалы — Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, ағайынды егіздер Елдос пен Елжас Халеловтар. Бұл мамандықты олар бірлесе таңдап, жүрек қалауымен келген. 1998 жылғы 26 сәуірде Бейнеу ауданында дүниеге келген Елдос пен Елжас 2020 жылы Азаматтық қорғау академиясын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдады. Сол кезден бастап екеуі де төтенше жағдайлар жүйесінде әртүрлі бағыттарда қызмет етуде. Елдос Халелов — Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы. Оның күнделікті жұмысы — төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою…

Толық оқу