Капшағай су қоймасында Oceanman Kazakhstan – 2025 халықаралық ашық судағы жүзу турнирі сәтті аяқталды. Ауқымды спорттық шараға Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания және Малайзияны қоса алғанда, 18 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. Жағалаудағы жанкүйерлермен бірге қатысушылар саны 3000-нан асты,- деп хабарлайды Ertenmedia Жарыстар Алматин облысы әкімдігінің қолдауымен Heaven Club демалыс базасында өтті. Турнир бес санатты қамтыды: • OCEANMAN (10 км) — 300 қатысушы • HALF OCEANMAN (5 км) — 400 қатысушы • SPRINT (2 км) — 800 қатысушы • OCEANKIDS (500 м) — 500 бала • OCEANTEAM (эстафета 3х500 м) — 90 команда Салтанатты ашылу рәсіміне Алматин облысының…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін «Өнер орталығында» «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Халықаралық форумға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдері, еліміздің барлық өңірінен келген облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форумға қатысушыларға сәттілік тілеп, аймақта атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан орнықты урбанизация үрдісімен келе жатыр. Тұрғын…
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасына облыс әкімдігі тарапынан субсидияланатын арнайы автобус маршруты жүргізілмек,- деп хабарлайды Ertenmedia Ең алдымен атап өтсек, соңғы жылдары Үшарал қаласы бағытында әуе рейстерінің саны артты. Енді Алакөлге күн сайын Астана және Алматы қалаларынан «Алматы-Үшарал» және «Астана-Үшарал» бағыттары арқылы жетуге болады. Мемлекет тарапынан субсидияланған билеттер құны — небәрі 20 000 теңге. Әуежай қазір сағатына 50 жолаушы өткізуге қабілетті. — 2022 жылы әуежайдың ұшып-қону жолағы қайта жаңғыртылып, беткі қабаты 52 см қалыңдықтағы цемент-бетонмен нығайтылды. Соның арқасында ірі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік жасалды. Қазір Астана, Алматы қалалары мен Үшаралдың арасында субсидияланатын маусымдық әуе қатынасы күнделікті жүреді. Әуежай жұмысы…
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd» корпорациясының бас директоры Ли Цзюнь бастаған делегациямен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia Кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндіріс алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы Абай облысы делегациясының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары барысында нәтижелі келіссөздер жүргізіп, көптеген меморандумдарға қол қойғанын атап өтті. «Осы сапар аясында Абай облысының делегациясы Үрімші қаласындағы Сіздің кәсіпорныңызға барып, өндірістік үдерістермен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Қазіргі уақытта облыстың экономикалық әлеуетін арттыру үшін инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Семей қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағын 600 гектарға…
Алматы облысында инновациялық электрондық табельдеу жүйесі енгізілді,- деп хабарлайды Ertenmedia Енді балабақшаларда балалардың қатысуын QR-код пен Face ID арқылы бақылауға мүмкіндік беретін технология қолданылады. Бұл әдіс ата-аналар мен қызметкерлер үшін қолайлылық пен ашықтықты арттырып қана қоймай, облыстық бюджетті үнемдеуге де септігін тигізді. Жұмысты оңтайландыру мен есептілікті жақсартудың нәтижесінде 29 жеке балабақша жабылды. Бұған дейін бұл мекемелерге жыл сайын 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп келген. Жүйе іске қосылған алғашқы бірнеше айдың ішінде 1,2 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді. Жылдық үнем 2 миллиард теңгеден асады деп күтілуде. Жаңа жүйе толық цифрлық ашықтық қағидаты бойынша жұмыс істейді: баланың әр қатысуы автоматты түрде тіркеледі,…
Бүгін Женевада өткен әлемдік цифрлық саммитте – WSIS+20 форумының аясында Қазақстанның жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында бірінші орын алды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Төребаев жазды. Награданы Халықаралық электр байланысы одағының (МСЭ) басшысы Дорин Богдан-Мартин өзі табыстады. Салтанатты рәсімге түрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Байқау барысында дауыс беруге әлем бойынша 2 миллионнан астам адам қатысқан, ал финалда қазақстандық жоба 4 бәсекелесін басып озды. Жеңіс сыйлығын Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин табыстады. Салтанатты іс-шараға мүше мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. САК дегеніміз не? САК…
Марқакөл ауданына қарасты австриялық бағытындағы көлік қатынайтын көпірде жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды Ertenmedia Жұмыс барысын ауыл әкімшілігі, «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығы және лесхоз қызметкерлері бірлесіп бақылауда. Құрылыс барысында қауіпсіздік шаралары мен экологиялық талаптар толық сақталып отыр. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жол қозғалысы қауіпсіздігі артып, жергілікті тұрғындар мен туристер үшін қатынас анағұрлым ыңғайлы болмақ.
Түркістан қаласында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан» атты мерекелік іс-шара өтті. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев құттықтау сөз сөйлеп, домбыраның ұлт руханиятындағы маңызына тоқталды,- деп хабарлайды Ertenmedia – Ұлттық мұраны ұлықтайтын бүгінгі шараның руханиятты дамытуға қосар үлесі мол. Домбыра – ұлттық аспап қана емес, елдің болмысын, жан-дүниесін айшықтайтын ұлы мұра. Осы құндылығымызды қастерлеп, жанын серік еткен барлық қатысушыларға алғысымды білдіремін, – деді Ержан Ибадуллаұлы. Кеш барысында Сүгір Әлиұлының «Ыңғай төк», Абай Желдібаевтың «Ерке сылқым», Зейнеп Аласьяның «Ертұғрыл», Құрманғазының «Айжанқыз», «Адай», «Балбырауын» сияқты ұлттық күйлері орындалып, көрерменнің зор қошеметіне бөленді. «Тұмар», «Алқоңыр», «Түркістан» ансамбльдері мен мемлекеттік…
Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін 3000-ға жуық домбырашы бір мезетте орындап, қала аспанын күймен тербетті. Осылайша Қопа көлінің жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды, — деп хабарлайды Ertenmedia Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп. Таңғы салқын леп пен толқынның сыбдырына қосылған домбыра үні — қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз рухани тойға айналды. Ұлттық мұраға деген іңкәрлік пен мақтаныш алаңға жиналған әр адамның жанарынан байқалды. Бірегей көрініске облыстың түкпір-түкпірінен келген мәдениет ошақтарының өкілдері, фольклорлық ансамбльдер, өнер мектептерінің тәрбиеленушілері мен кәсіби күй шеберлері қатысты. Жас…
Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Жарқын Жұмаділов тағайындалды. Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саясаттану мамандығының бакалавр және магистрі. 2008-2015 жылдары – «Қазақ радиосының» редактор-жүргізушісі, «Алаш айнасы» газетінің саяси шолушысы, «Ұлт TIMES» газеті бас редакторының орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ Стратегиялық маркетинг департаментінің шеф редакторы. 2015-2016 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы, Қоғамдық саясат институты Ақпараттық мониторинг қызметінің жетекшісі. 2016-2019 жылдары – БҚО әкімінің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі және Аппарат басшысының орынбасары. 2019-2020 жылдары – «Elorda Aqparat» ЖШС директоры. 2021-2023 жылдары – ҚР Президенті Баспасөз қызметінің инспекторы;…
