Автор: Асылхан Бөрібай

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл – туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық белсенділіктің нақты көрінісі. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Толық оқу

Жыл басынан бері Қостанай облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін гранттық қаржыландыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бұл бастама аясында кәсіпкерлер әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын дамыту үшін 5 миллион теңгеге дейін грант алу мүмкіндігіне ие. Қаржыландыру тек конкурстық негізде жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде іріктеу процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Бағдарламаға қатысу үшін ерекше шарттар «Бір ауыл – бір өнім» жобасының финалистері болып табылатын кәсіпкерлерге арналған. Бұл бастама аясында кәсіпкерлер өз өнімдерін тек жергілікті шикізаттан өндіреді. Мұндай тәсіл аймақтық брендтердің дамуына және ауыл кәсіпкерлігінің өркендеуіне жол ашады. 2024 жылғы гранттық байқаудың жеңімпаздарының бірі – «Уникум» жылдам оқыту және интеллектіні дамыту мектебі»…

Толық оқу

Алматы облысының Жамбыл ауданында Астана күні мен Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Сауырық батыр мен Көкдала ауылдарында су жаңа екі медициналық нысанның салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Николаевич Рожин арнайы қатысып, екі ауылдың тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады. Бұл заманауи медициналық қосындар – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл – ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмекті сапалы және уақтылы көрсетуге жасалған нақты қадам. Бүгінде Сауырық батыр ауылында 660 тұрғын бар. Қосында 1 фельдшер және 0,5 бірлік кіші…

Толық оқу

Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, №6 жағажайда 40 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Барлығы сенімгерлік басқарушы компаниямен келісімшарт жасап, жалға алған аумақты күтіп ұстау бойынша нақты міндеттемелерді алған. Олар күн сайын тазалық жұмыстарын жүргізуге, тапшандарды дезинфекциялауға, қоқыс жәшіктері мен жарық орнатуға, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті,- деп хабарлайды Ertenmedia Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «№6 жағажайда 45 қоқыс жәшігі, 10 контейнер және үш әжетхана орнатылған. Тазалыққа 30 жұмысшы мен 2 арнайы техника жауапты. Қауіпсіздікті 10-нан астам құтқарушы қамтамасыз етіп отыр, медицина қызметкерлері кезекшілік етеді, бейнебақылау камералары орнатылған. Мониторинг күн сайын жүргізіледі», — деп хабарлады қалалық ТҮКШ бөлімі. Ал №5 жағажайда 28…

Толық оқу

Алматы облысының Талғар ауданында суару жүйелерін қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жоба 2024 жылы басталып, 48 суару арнасында тиісті құрылыс жұмыстарын қамтиды,- деп хабарлайды Ertenmedia. Жобаның мердігері – «AK Construction Company» ЖШС. Құрылыс жұмыстары жалпы құны 21,4 млрд теңге болатын келісімшарт аясында атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін республикалық бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңгенің 1,27 млрд теңгеден астамы игерілді. Қазіргі таңда «Айтуар», «Саз-Талғар», «Новостройка», «Р-9» және «Р-3» су арналары бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. «Р-3» арнасындағы автожол арқылы өтетін дюкерлік өткелден басқа учаскелер толық аяқталған. Жалпы жаңғыртылған арналардың ұзындығы 28,1 шақырымды құрайды. Жобадағы негізгі кезеңдердің бірі – «Р-3» арнасындағы дюкерлік өткелдің құрылысы болды.…

Толық оқу

Unico Play «Қара бекіре» атты кең ауқымды қазақстандық телехикая түсіріп жатыр. Бұл жоба отандық кинематографияға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін. Форт-Шевченконың қатал табиғаты мен Ақтаудың өндірістік колориті — Каспий маңындағы әлеуметтік және экологиялық мәселелерді күн тәртібіне қоятын шиеленісті оқиғаның басты алаңына айналады. Соңғы зерттеулерге сәйкес, Каспий теңізі тартылып, судың деңгейі 70 см-ге түсіп кеткен, ал кейбір жерлерінде 50 шақырымға жуық теңіз табаны құрлыққа айналған.  Бұл өзгеріс өңірдің биоалуандығы мен тіршілігіне үлкен қауіп төндіруде. Бекіре, белуга, орыс және жұлдызша бекіре балықтарының популяциясы шамадан тыс аулау мен табиғи мекенінің бұзылуы салдарынан 90%-дан астамға азайған. Бұл деректерге түсініктеме берудің қажеті шамалы*. Енді проблеманы…

Толық оқу

Бүгін Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайының мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауылдық округ әкімдерінің аймақтық форумы жұмысын бастады,- деп хабарлайды Ertenmedia. Форум жұмысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Асхат Аймағанбетов, Темір Қырықбаев, Нұрсұлтан Байтілесов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, мәслихат депутаттары, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, ауылдық округ әкімдері, облыстық партия филиалының жауапты өкілдері мен аумақтық партия филиалдарының жетекшілері қатысты. Форум жұмысына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев төрағалық етті. Форум алаңы ауылдық деңгейдегі басқару жүйесін жетілдіруді, әкімдердің кәсіби әлеуетін…

Толық оқу

«SAQTAN» әлеуметтік жобасы аясында соңғы бір ай ішінде Алматы облысында 500-ден астам есірткі жарнамасы – заңсыз граффити, QR-код және Telegram сілтемелері жойылды. Бұл жұмыстарға жастардың өздері – еріктілер, студенттер және жастар ресурстық орталықтарының белсенділері тікелей атсалысуда,- деп хабарлайды Ertenmedia. «Көп адам бұл жазуларды жай граффити деп қабылдайды. Ал шын мәнінде, олар – жастарды Telegram арқылы есірткіге тартатын арналардың сілтемесі. Біз соңғы бір айда облыс аумағынан 500-ден астам осындай жарнаманы өшірдік. Оның ішінде мектеп маңында орналасқандары да болды», – дейді жобаның үйлестірушісі Әділет Айтқазы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінде «SAQTAN» жобасы аясында жастармен тікелей жұмыс істейтін 50-ге жуық ерікті мен маман тартылған. Олар…

Толық оқу

Қонаев қаласындағы №6 жағажайда 40 бизнес орны жалға берілген. Сенімгерлік басқарушы компания мен кәсіпкерлер арасында келісімшарт жасалып, олардың міндеттемелері айқындалған. Алайда, тұрғындар мен қала қонақтары тарапынан күтіп ұстау мен санитарлық жағдайға байланысты көптеген сұрақтар туындауда. Осыған байланысты қала әкімдігі мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Ertenmedia. Келісімшарттың 3-тармағында тараптардың құқықтары мен міндеттері жазылған. Оның ішінде күтіп ұстау бойынша жалға алушының міндеттері: * Жағажайды абаттандыру мен санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, келісімшартқа сәйкес шаруашылық қызметін жүргізу; * Күн сайын аумақты тазалау – киім ауыстыратын орындар, дәретханалар, жасыл аймақтар; * Жалға алынған аумақты жарықтандыру; * Қоқыс жәшіктерін су жиегінен кемінде 20 метр қашықтықта, әр 60 м²…

Толық оқу

Алматыда тағы бір көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты дау шықты. Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв RAMS компаниясының Сейфуллин мен Тимирязев көшелерінің қиылысында тұрғызғалы жатқан 40 қабатты кешенін «қаланың тынысын тарылтатын жоба» деп атады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, жобада бір ғана 40 қабатты зәулім мұнара емес, онымен бірге тағы бес 10 қабатты ғимарат салу жоспарланған. Оның пікірінше, дәл осы ауданда бұдан бұрын да көлік кептелісі, әлеуметтік инфрақұрылым тапшылығы сынды өткір мәселелер шешілмеген күйі қалып отыр. «Иә, тұрғын үй бұл салық, шаршы метрлер мен жұмыс орындары. Бірақ осының бәрі дәл осы ауданда керек пе? Бұл жер онсыз да инфрақұрылымдық коллапстың алдында…

Толық оқу