Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Активтерді қайтару жөніндегі комитетті Инвесторларды қорғау комитеті деп өзгертуді ұсынды. Бір қарағанда атаудың ауысуы ғана секілді. Бірақ мәніне үңілсек, бұл – экономиканың бағытын түзей түсетін, инвестициялық климаттың философиясын қайта құратын саяси-экономикалық маңызды қадам, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда елімізге келген капитал тек кіріп-шығып кетпеуі керек, ол сенімділік тауып, ұзақ мерзімге орнығуы тиіс. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында Үкіметке дәл осы сенім архитектурасын құруды тапсырды. Енді инвестиция тарту – орталық биліктің ғана емес, әр өңірдің, даму институттарының, тіпті әрбір аудан мен қала әкімдігінің ортақ міндетіне айналады. Соңғы жылдары Қазақстан инвестициялық кеңістікте…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бастамаларға қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. — «Филиал партиясы Мемлекет басшысының стратегиялық курсын толық әрі бұлжымас қолдайды. Президент Жолдауында экономиканы әртараптандыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты маңызды басымдықтар айқындалды. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайтуға ерекше назар аударылды. Әлеуметтік саясат та басты назарда. Бюджеттік шығындар қысқартылған жағдайда да әлеуметтік міндеттемелер бірінші орында қалуы тиіс екені атап өтілді. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам. «Аманат» партиясы Президент белгілеген міндеттердің өңірлік деңгейде орындалуына…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен оларды шешу» атты Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңін айқындап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әсем Рахметованың пікірінше, Мемлекет басшысының үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру туралы тапсырмасы жаһандық үрдіске ілесу ғана емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті күшейтудің нақты бағыты. Автордың айтуынша, Жолдауда көтерілген бастамалардың салмағы жоғары. Соның бірі – Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі жетекші басқаратын Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы шешім. Оның ойынша, мұндай қадам цифрлық технологияларды экономика мен мемлекеттік басқарудың барлық саласына жүйелі енгізуге жол ашады. Әсем Рахметова цифрлық кодексті қабылдау бастамасына да ерекше…
Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық әріптестік жаңа деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қытай елі біздің мемлекетке 100 млн юань немесе 7,5 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөлмек. Бұл қаражат Қазақстанда халықаралық ғарыштық хаб құруға, жаңа технологияларды дамытуға және ғылым мен экономиканың түйіскен тұстарын нығайтуға бағытталады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялағандай, бөлінген қаржы бірнеше негізгі бағытқа жұмсалады. Ең алдымен, навигациялық жүйелерді дамыту көзделіп отыр. Бұл тек ғарыш саласының өзінде ғана емес, қарапайым халықтың күнделікті өмірінде де қажет болатын сала. Автокөлік трекерлерінен бастап жүк тасымалына орнатылатын навигациялық пломбаларға дейін бұл жүйелердің маңызы зор. Өйткені Қазақстан транзиттік мемлекет, біздің…
Қазақстандағы бірқатар ірі банктер прокуратураның соңғы мәлімдемесіне қатысты өз ұстанымын жариялады. Kaspi Bank, Forte Bank, Еуразиялық банк және Alatau City Bank тарапынан таратылған ресми жауапта, олар бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің қылмыстық іске қатысы бар деген ресми хабарлама алмағандарын нақтылады. Бұл қаржы институттары ресми құжаттар түспей жатып, олардың атына байланысты дақпырт тарауы қоғамда түсінбестік туғызуы мүмкін екенін де ескертті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Банктердің ресми түсініктемесінде прокуратура органдарына ресми сұраулар жолданып, істің мән-жайы анықталатыны айтылды. Әзірге қолда бар ақпарат тек жалпылама мәлімдемелерден тұрады, ал нақты фактілер ұсынылмаған. Сондықтан банктер өз беделіне нұқсан келтіретін қауесет пен алдын ала айыптаулардан абай болуға шақырып…
Соңғы күндері әлемжеліні дүрліктірген Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің «қамауға алынғаны туралы» қауесетке шенеуніктің өзі жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Министр бүгін Парламент ғимаратында көпшілік алдына шығып, журналистермен ашық тілдесті деп хабарлайды Ertenmedia. Тілшілер Нұртілеуден не себепті қауесет тараған бойда видеоүндеу жазып, ақпаратты жоққа шығармағанын сұрады. Бұған министр қысқа әрі нақты жауап қатты: «Маған (кеңсеме) кім келді? Менен мән-жайды кім сұрады? Күндегіше жұмыс орнымда болдым. Әдеттегідей қызметімді атқардым. Жұмыс бабымен кездесу өткіздім, шетелдік әріптестермен сөйлестім, инвесторлармен кездестім. Бәрі бұрынғыдай. Біз құқықтық мемлекетпіз. Қазақстан зайырлы ел. Арнайы органдар бар, қажет болса солар айналыссын. Өз басым бұл мәселені көңіліме алған жоқпын. Тіпті, Жолдаудан…
Қарағанды облысындағы Күйректікөл кенішінде сирек кездесетін металдардың қоры бұрынғы болжамнан әлдеқайда көп болып шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа геологиялық барлау деректеріне сәйкес, кеніштің коммерциялық тұрғыдан тиімді қоры алғаш айтылған 20 млн тоннадан асып, 28,2 млн тоннаға жеткен. Осылайша Күйректікөл енді жай ғана перспективалы аумақ ретінде емес, өндірістік маңызы жоғары стратегиялық нүкте ретінде қарастырыла бастады. 2022 жылы басталған барлау барысында геологтар тереңдігі 300 метрге дейін баратын төрт негізгі учаскеден церий мен өзге де сирек металдардың жоғары шоғырын анықтаған. Мұндай нәтиже кеніштің экономикалық тартымын күшейтіп отыр. Өйткені қазіргі әлемдік өнеркәсіпте осындай шикізатқа сұраныс тұрақты өсіп келеді. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденейдің…
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл шешім тек бір ойынның нәтижесі емес, тұтас футбол жүйесіндегі кемшіліктер мен сәтсіздіктерді, дайындық пен жоспардың әлсіздігін көрсетіп берді. Әлиевтің өзі жауапкершілікті мойнына алып: «Бұл жеңіліс – менің кінәм. Президентке барып, дереу отставкаға кететінімді айтамын» деді ол. Жанкүйерлердің жүрегін жаралаған Бельгиядағы ойында Қазақстан құрамасы алаңда әлсіздік танытты. Тек есеп қана емес, ойынның өзі де үмітсіз болды. Бес матчтың қорытындысында небәрі үш ұпай жинап, Лихтенштейннен жеңіс алғаннан басқа жетістік жоқ. Ал Уэльс пен Солтүстік Македонияға екі реттен ұтылып, әлемдік аренада…
Түркияның ең ірі қаласы Стамбулда халық наразылығы қайтадан өршіді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған себеп сот шешімімен оппозициялық Халық-республикалық партиясының қалалық бөлімшесінің жетекшілігі қызметінен шеттетіліп, партия лидері, бұрынғы қала әкімі Экрем Имамоглуның қамауда қалуы. Наурыз айынан бері үйқамақта отырған Имамоглуға шілде айында 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді. Бұл шешім оппозициялық электорат үшін ғана емес, жалпы демократия мен саяси әділеттілікті талап ететін қарапайым халық үшін де ауыр соққы болып тиді. Стамбул көшелерінде халықтың сабыры таусылғанын айқын көрсеткен көрініс – кастрөл акциялары. Жүздеген адам өз үйінің терезесінен, балконнан ыдыс-аяқпен тарсылдатып, билікке деген қарсылығын білдірді. Мұндай қарапайым әрі символдық…
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев АҚШ басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету жолдарын талқылады деп хабарлайды Ertenmedia Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президенттер бірінші кезекте сауда-экономикалық байланысты арттыру мәселесіне ерекше мән берген. Былтыр қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 15%-ға өскен. Тараптар сауда мен инвестиция саласындағы оң динамиканы жалғастыруға мүдделі. Бұл ретте азаматтық авиация, минералдық ресурстар, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар мен білім беру салаларында бірлескен жобаларды дамыту жоспарда бар. Ай соңында өзбек делегациясының ірі америкалық компаниялармен кездесуі күтілуде. Телефон әңгімесі барысында қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалмады. Президенттер терроризм, экстремизм және заңсыз көші-қонмен күрестегі…










