Алакөл жағалауындағы демалыс орындарына жаңа «Ақши» қосалқы станциясынан электр жарығы беріле бастады,- деп хабарлайды Ertenmedia. Жағалауды электрмен үздіксіз жабдықтау үшін Бескөлден Ақшиге дейін жоғары вольтты электр беру желілері салынып, жаңа «Ақши» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілген болатын. Демалыс орындары заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтарды тұрақты пайдаланғандықтан, ескі желі электр қуатының ауқымды жүктемесін көтере алмай жиі сөнетін және электр қуатына деген тапшылық байқалған. Осы мәселені шешу үшін Бескөлден Ақшиге дейін 56 шақырым 110 КВт электр желісі тартылып, қосалқы станция салынды. Жоба жоспар бойынша келесі жылы аяқталуы керек болатын, бірақ мердігер компания жұмысты қарқынды жүргізіп, биылғы демалыс кезеңіне дейін 4-6 маусымнан бастап демалыс…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін, 3 шілдеден бастап, Батыс Қазақстан облысы аумағында киік санын реттеу жұмыстары ресми түрде басталды. Бұл жұмыстар 30 қарашаға дейін жалғасады,- деп хабарлайды Ertenmedia. Киік популяциясын реттеу — табиғи тепе-теңдікті сақтау, жайылым жерлерге зиян келтірмеу және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталған жұмыстарға 40-қа жуық маман тартылып, 4 арнайы бригада жасақталды. Әр бригада 3 техникамен қамтамасыз етілген, жалпы саны 12 техника жұмылдырылған. 2025 жылы жүргізілген авиациялық есеп нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы аумағында киіктердің жалпы саны 2,3 млн басқа жеткені анықталды. Ғалымдар әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, популяцияға залал келтірмей, оның тек 20 пайызына, яғни 460 мыңға дейін ғана реттеу…
Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов пен Бақытжан Базарбек елдегі фармацевтика саласында миллиардтаған қаржының заңсыз айналымға түскенін айтып, Бас прокурор Берік Асыловқа ресми сауал жолдады. Олар саладағы сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі схемаларды түп-тамырымен тексеруді талап етуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттар өз хатында Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) тексеру қорытындысына сүйене отырып, «СК-Фармация» ЖШС мен Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мекемелердің әрекетінен мемлекетке миллиардтаған шығын келгенін мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, «СК-Фармация» дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды нарық бағасынан бірнеше есе қымбатқа сатып алған. Кей препарат нарықтық құнынан 40 пайыздан 365 пайызға дейін жоғары бағамен алынған. Мәселен, құны мың теңге болатын тауарлар он, тіпті жүз миллиондаған теңгеге сатып…
Алматы қаласының Әуезов ауданында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту және қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, көлік қолжетімділігін арттыруға және көшелердегі тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Абзал Егембердиев мәлімдеді. Биыл 20 мың шаршы метр жол ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 10 мың шаршы метр техникалық тротуар төселді, сондай-ақ 5 шақырым арық желісі салынды. Қоғамдық көлік сапасын арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы автобус паркі айтарлықтай жаңартылып, көлік саны 1 325-тен 1 563-ке дейін көбейді. Бұл 8 жаңа маршрут ашуға, 13 қолданыстағы бағытты жаңартып, күшейтуге мүмкіндік…
5–6 шілде күндері Капшағай су қоймасында OCEANMAN-2025 халықаралық жүзу жарысы бастау алады. Бұл – Орталық Азия аумағындағы ең ірі ашық суда өтетін жарыс. Жарысқа 18 елден 2 050 спортшы қатысады. Олардың қатарында Үндістан, Франция, Италия, Ұлыбритания, БАӘ және Малайзия елдерінің өкілдері бар,- деп хабарлайды Ertenmedia Жарыс бес түрлі қашықтық бойынша өтеді — балалар санатынан бастап ересектерге дейін: • OCEANMAN (10 км) — 300 қатысушы • HALF OCEANMAN (5 км) — 400 қатысушы • SPRINT (2 км) — 800 қатысушы • OCEANKIDS (500 м) — 500 бала • OCEANTEAM (эстафета 3×500 м) — 90 адам Биыл ерекше назар INSPIRATION санатына аударылды.…
Биыл Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлектері үшін диплом табыстау рәсімі ерекше әрі әсерлі форматта ұйымдастырылды. Екі күн қатарынан Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының кең залы қуаныш пен шаттыққа толы болды. Салтанатты шараға келген ата-аналар, туған-туыстар мен достар түлектердің қуанышын бөлісті,- деп хабарлайды Ertenmedia. Университетті биыл 1044 түлек аяқтап, үлкен өмірге жолдама алды. Олардың қатарында 113-і үздік диплом иегері атанса, 360 білім алушы магистр академиялық дәрежесін иеленді. Мерекелік шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қобылан, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков, Жетісу облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай, облыстық…
Төменде ұсынылып отырған мақала ойда жүрген депутаттық сауалдың тезистері негізінде жазылды. Әдетте әлеуметтің мүддесін күйттеген депсауал мемлекеттік органдарға бағытталады, ал бұл мақалаға арқау болған мәселелер керісінше, салауатты қоғамның түйсігі мен талқысына арналады. Басқа елдердегі сияқты, Қазақстанның ақпарат алаңында дүркін-дүркін айтылып жүрген, өзегі жалғандыққа жалғасқан заманауи мифтер баршылық. Көбісі – қазіргі реформалардың мән-маңызына, экономикалық саясат пен билік құрылымына қатысты ойдан шығарылған немесе қарсылық тудыруға арналған қауесет. Жаңсақтығы тайға таңба басқандай білініп тұрса да, саяси сауаты кемшін жұрт арасына тез тарайды. Өкінішке қарай, мұндай аңыздар ақиқатты бұрмалап қана қоймай, елде қадам-қадам жүріп жатқан оң өзгерістерге деген күдік-күмәнді қалыңдатып, халық сенімін күйретуге жетелейді.…
Жемқорлық дауына ілінген экс вице-министрлер Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың командасында істеген. Алматыда ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің Тамара Дүйсеновамен тікелей жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әңгіме жақында тұтқындалған бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмәди Сарбасов пен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму экс-вице-министрі Дәулет Арғандықов туралы болып отыр. Ақмәди Сарбасов 2019 жылдың сәуірінен 2025 жылдың сәуіріне дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде вице-министр, кейін бірінші вице-министр қызметін атқарған. Бұл кезеңде, дәлірек айтқанда 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың маусымына дейін министрлікті Тамара Дүйсенованың өзі басқарған. Ал Дәулет Арғандықов 2014 жылдың…
Президент Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, елдегі экономикалық реформалардың орындалу барысын талқылады деп жазады Ertenmedia. Үкімет басшысы Президентке экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жалпы құны 2,3 триллион теңгені құрайтын, 20 мың адамға жаңа жұмыс орнын ашатын 45 ірі индустриялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалардың мақсаты экономиканың құрылымдық тұрғыдан жаңарып, тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Премьер-министр сондай-ақ, Президенттің Қауіпсіздік кеңесінің отырысында жүктеген тапсырмаларының орындалу барысына тоқталды. Әсіресе көлік және транзит саласын дамыту бойынша қабылданған шаралар баяндалды. Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер де егжей-тегжейлі талқыланды. Президент биылғы вегетациялық…
Қызылордадағы «Өнер орталығында» «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрме байқауы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, кәсіпкерлер қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia. Аймақ басшысы конкурсқа қатысушыларды құттықтап, өңірдің өңдеу өнеркәсібі саласындағы жұмыстарға тоқталды. «Соңғы жылдары Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібі 18,2%-ға артып, өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 21%-дан асты. Жылына 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуда. Бүгінде 65 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды. Мұнда 121 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттардан бастап, жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік субсидиялар беру арқылы инвестициялық, қаржылық, инфрақұрылымдық…
